БРОНХ ДЕМІКПЕСІН АЛЛЕРГИЯМЕН ШАТАСТЫРМАҢЫЗ

Бүгінде тыныс жолдары ауруына шалдыққан адамдардың саны жылдан-жылға артып келеді. Соның бірі – демікпе. Демікпе сөзін «asthma» грек тілінен аударғанда – алқыну, тұншығу дегенді білдіреді. Ауру адам көп жағдайда дұрыс дем ала алмауы және тынысының тарылуы, жүректің қысылуынан болатын тұншығудан зардап шегеді. Бұл дерт көбінесе ауа райының өзгеруінен және бізді қоршаған ортаның ластануынан болады. Демікпе қыспен көктемде, желді күні, ауа райы күрт өзгергенде асқынады. Ауру адамға, көбінесе түнге қарай ауа жетіспейді, демі қысылып, қақырығы түспейді, кеудесі сырылдап, тыныс алу жолдары мен тамағы ісініп таралады. Кейде тыныс жолдары мүлдем бітеліп, ағзасы тұншыға бастағандықтан ентігіп, жиі-жиі тыныстайды.

Бұл ауру, яғни, кейбір заттарға бронхтың қайта белсенділігі жоғарылатушы (қоздырушы факторлар), бронх обструкциясының дамуына  алып келеді. Мұндай қалыпта  бронх обструкциясы синдромы  деп аталады. Аталған жағдай ұзақ уақыт созылса, онда ауру барысында созылмалы түріне айналады. Статистикалық анықтамаларға қарағанда бұл ауру балалардың 10 пайызында кездеседі екен. Қыз балаларға қарағанда ұл балаларда анағұрлым жиі болады. Аурудың өршу шегі 4-10 жасты құрайды.

Бастапқы кезеңде бронх демікпесін анықтау өте қиын болады. Ата-аналардың көпшілігі өз балаларын жай ғана  алллергия  немесе обстракциялы бронхит деп ойлайды. Тіпті, тәжірибелі дәрігерлердің өзі  де ұстама аралығында   баладағы демікпені анықтай алмауы мүмкін. Аурудың дамуы одан әрі қолайсыз симптомдармен  сипатталып ата-аналарды алаңдатады.

Бронх демікпесі кезеңінің сипаттамасы: ентігу пайда болады; жөтелу барысында балада көкірек қуысы  ауырсынады; жүрек қағысы жиілейді, тіпті, бала  тыныш халде болса тахикардия пайда болады. Бұл симптом негізінен демікпеге байланысты болады. Ол анық болған сайын бір минуттта жүрек қағысы жиілей түседі. Демалу барысында құрғақ сырыл  пайда болады. Фонендоскоппен тыңдап қарамай-ақ тыныс алуы шулы болып есітіліп тұрады. Сырылы айрықша ысқырып және құрғақ боп естіледі. Бронх демікпкесінде «көкірек куысында сырнай бар» деп есептейді.

Демікпенің алдын алуға болады. Аурудың асқынуы көбінесе тұмаудан кейін басталады. Ол үшін тұмау, аллергияны асқындырып алмау керек. Аллергияңыз бар болса, анализ тапсыру арқылы неден аллергияның барын анықтап алып, соған қарсы ем алу маңызды. Сонымен қатар, жылына бір рет пульмонолог, аллерголог, терапевтке қаралып тұрған абзал. Дер кезінде емделіп салауатты өмір сүруді ойлағанымыз абзал. Егер тынысыңыз тарылып, көп деміксеңіз, денсаулығыңызды ойлап, өз уақытысында емделуді ұмытпаған дұрыс. Ол үшін таза ауада дем алып, ертеңгісін күнделікті 20-30 минут уақыттай денешынықтыру мен айналысып, денені салқын сумен сурту керек. Салауатты өмір салтын әдетке айналдырып, үнемі өзіңізге күтім жасау қажет.

Жалпы, бронх демікпесі ауқымды әлемдік мәселе болып табылады десек артық айтқандық емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын мамыр айының алғашқы сейсенбісін «Демікпеге қарсы күрес күні» деп атап өтуді ұйғарған. Ал біздің елімізде демікпе «әлеуметтік маңызы бар» аурулардың қатарына жатқызылып, Үкімет шешімімен науқастарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмектер беріліп келеді.

Ерлан ИСАБАЕВ,

С.Ж.Асфендияров атындағы

ҚазҰМУ-дің 5-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар