БРЕСТ ҚАҺАРМАНЫ ҒАББАС ЖҰМАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен  Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты Брест қамалын қорғаушылардың бірі, тарихшы-ғалым, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагері Ғаббас Жұматұлы Жұматов атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты іс-шараға Бос­тандық аудандық Ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов, соғыс ардагері Тамара Александровна Максимова, т.ғ.д., профессор У.Шалекенов, Археология және этнология факультетінің деканы, қауымдастырылған про­фессор Меңдігүл Сағатқызы Ноғайбаева және факультеттің ғалымдары мен профессорлары қатысты. Жиын барысында Ғаббас Жұма­товтың өнегелі өмірі мен қызмет жолы жайында баяндамалар оқылып, арнайы бейнебаян көр­сетілді. Сондай-ақ, көпшілік қауымға  кітаптары таныс­ты­рылып,  фото көрме ұйымдас­ты­рылды. Замандастары естелік айтып, артында қалған ұрпақтары ардақты әке есімін еске алса, Тарих, археология және этно­логия факультетінің жалын­ды жастары ардақты ағаға арнал­ған жыр жолдарын оқыды.

Ғаббас Жұматов ҚазҰУ-дың қабырғасында, студенттік өмір мен оқытушылық қызмет атқар­ған мезгілін  қосып есептегенде 70 жыл ғұмырын өткізіпті. Ол кісі Тарих кафедрасында ұстаздық дәріс беріп, талай студенттің ғы­лыми ізденісіне жол нұсқап, же­текшілік жасады. Универ­ситеттің Ардагерлер кеңесіне төрағалық етті. Ғаббас Жұмат­ұлының ға­сырға жуық ғұмыры тек қана еліміздің игілігі, болашақ ұрпақ­тың бақытына арналып келген екен. Кешегі бейнетті өмірдің зейнетін көретін шақта да  ол өзін  туған халқының  қыз­метіне әлі де болса жараймын деп есептеді.

Отаны үшін жанын аямай күрескен тау тұлғаның жасаған ерлік істерін ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен  бұл игі шара  тарих ғылымының жолына бет түзеген білімпаздар мен жас тарихшылар үшін маңызы зор жиын болды. Бұл – ұлылары­мызды ұлықтау, олардың еңбегіне құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа насихаттау және тұлғаларды дәріптеу жолында жасалған айтулы іс-шара екені анық.

Мәдина АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ,

ҚазҰУ  Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының 2-курс магистранты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *