«BOZBALA» АТТЫ РОБОТ ЖИНАҚ

Күні кеше Жапония мен Оңтүстік Кореядағы роботтар талайды тамсандырған еді. Бүгінде біздің елімізде де аталмыш сала қарқынды дамуда. Адамзаттың қиялында шек жоқ. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын темірді аспанға ұшырса, ХХІ ғасырда оған  жан бітірді. Еліміздегі робототехникаға деген қызығушылық бала жастан басталуда. Ал оларды бұл өнерге баулып жүрген де жастар.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің түлегі Дастан Рахатов 12 жастан асқан балаларға «Bozbala» атты робот жинағын жасады. Онда 12 теориялық тақырып пен прак­тикалық жұмыс және 17 жоба жинақталған. Сондай-ақ, 100-ден аса робототехникалық компо­нент­тер бар. Балаға алдымен кітапта тақырып қарапайым тілмен түсіндіріліп, техника қауіпсіздігімен танысып шығады. Кейін соған байланысты практи­калық жұмыстар істеп жатты­ғады. Тақырыпты толықтай игерген бойда, деңгей бойынша түрлі жобаны арнайы құрыл­ғылар арқылы жасай бастайды.

Дастанның бұл бастамасын бүгінде О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі өз тәжірибелерінде қолдануда. Сонымен қатар, тағы 10-нан астам білім ордалары тапсырыс берген. Бағасы қолжетімді жинақ үш тілде де жарыққа шығады. Жас өнертапқыштың айтуынша, қазір жоба да, команда құрамы да кеңеюде. Алдағы уақытта «Bozbala»  тағы да бірнеше қы­зық­ты тапсырмалармен толық­пақ.

Университет жас старта­пер­лерге барынша қолдау көрсетіп, әрқашан демеу болуға әзір. Дастанның сөзінше, басшылық оқу ордасынан жеке кабинет бөліп, барлық құрал-жабдық­тармен толық қамтамасыз еткен. «Ендігі кезекте жемісті қызмет атқару», – дейді робототехника маманы.

Жуырда ғана жастарға үндеу жолдаған Елбасы инновациямен айналысатын жастарға бөлінетін қаржының сомасын ұлғайтуды тапсырды. Оған қоса, қолдау да екі есе артпақ. Робототехника – болашаққа көш бастар бүгінгі заман талабы. Ал оның көшін сүйрейтін білімді жастар болмақ. Олай болса, ойы ұшқыр, санасы сергек жастарымыз көп болғай!

 

Назира ҚАСЫМБЕКОВА,

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,

Электрондық журналистика мамандығының 4-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close