Бостандық ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Алтай РАХИМБЕТОВ,

Бостандық ауданының әкімі

Бостандық ауданының аумағы 9 мың 943,2 гектарды құрайды.  Халық саны – 342 670 адам.

Бюджет

2018 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспары 10 482.1 млн. теңге, 12 айға игерілген қаражат соммасы 10 477.3 млн. теңге немесе 100% (2017 жылдың жалпы жоспары – 6 452,0 млн. теңге, 12 айға  игерілгендігі – 6 451,9  млн.теңге немесе 100 %).

Салық

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 2018 жылдың  қорытындысы бойынша 388,1 млрд. тг түсті.(2017 ж- 353,5 млрд. тг) көрсеткіші бойынша болжамның орындалуы 106,0% РБ бойынша 269,5 млрд. тг -108,0% (2017ж -240,5 млрд тг), ЖБ бойынша 118,6 млрд тг-102,0%. (2017ж – 113,0 млрд тг).

Инвестиция

         2018жылдың 11 ай бойынша  негізгі капиталға инвестициялар тарту көлемі 168,9 млрд. теңге немесе бұл көрсеткіш  былтырғы жылмен салыстырғанда 119%.(2017 ж. –137,5 млрд тг).  Қала бойынша жиналған жалпы инвестиция көлемінің 25,8% үлесі ауданға  тиесілі (Алматы қаласы бойынша 656,3 млрд.тг).

Инвестицияның негізгі үлесін құрылыстар мен ғимараттарды күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына салынған инвестиция құрайды – 99,9 млрд. теңге немесе жалпы сомманың 59,1%. Инвестицияның басым көздері кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаттары болып саналады – 127,5 млрд. теңге жалпы сомманың 75,5%үлесін құрайды.

2018 жылдың 11 айы аралығындабөлшек сауда айналымы-370,6 млрд.(91,9%)  теңгені құрады , оның жеке кәсіпкерлер мен сауда орындарына тиесілі үлестік салмағы 26,8%.(2017- 376,1млрд.тг).

        Көтерме сауда айналымы 1 693,0млрд.тг. құрайды.(2017-1 528,1 мрлд. тг.)

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту

Бостандық ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жалпы тіркелген кәсіпорындар 28 393 құрады, олардың ішінде 15 270 белсенді жұмыс істеп тұр.

Ағымдағы жылдың басынан бері «Жол карта бизнесі 2020» бағдарламасының орындалуы барысында 4,9 млрд.теңге қаржы есебінде 8 жоба мақұлданды.

«Алматының индустриализациялық картасы» бағдарламасы аясында 2,5  млрд.тенге  4 жоба көлемінде мақұлданып 198 жаңа жұмыс орны құрылды  («Мембранные технологии» ЖШС;  «ЭЛЕКО» ЖШС;  «Сервис Безопасности» ЖШС; «Техноконт» ЖШС).

Ағымдағы жыл басынан бастап  «Бизнестің жол картасы 2020», «Өндіріс», «Жібек Жолы», «Экспортер 2020», «Өндіруші 2020» мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 62 ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оның 38 семинары  өндірістік кәсіпорындар, сауда орталықтарында өткізілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша жұмыссыздықтың деңгейі – 5,3% құрайды, 2017 жылыда 5,3% көрсеткішті құраған.

Жұмыспен қамту орталығының 2018 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі ақпараты бойынша 3139 адам жұмыссыздар (2017 жылы – 3 850 адам),                127 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2017 жылы – 127 адам), 188 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2017 жылы – 141 адам) жіберілген. Қоғамдық жұмысқа 369 адам жіберілген (2017 жылы –393 адам).

Жұмыспен қамту орталығына 2017 жылдың басынан бастап 952 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

2018 жылдың 31 желтоқсанда 102 аз қамтамасыз етілген отбасына (2017 жылы – 10 отбасы)  367 адам (2017 жылы – 38 адам)  жалпы сомасы 13 951 706 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек тағайындалды (2017 жылы – 1 021 396 теңге). Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1 адамға 3 167 теңгені құрайды (2017 жылы – 2 239 теңге).

Ағымдағы жылдың 12 айында тұрмыс деңгейі төмен 933 адамға тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2017 жылы – 892 адам), жалпы сомасы 5 866 028 теңгені құрайды (2017 жылы – 4 966 641  теңге).

2018 жылдың 12 айында орта айлық жалақы бір қызметкерге 234 034 теңгені құрайды, 2017 жылмен салыстырғанда 6,8 % өскен (218 176).

 

Білім беру

Ауданда білім беру жүйесі 51 ұйыммен құрылған. Оның ішінде жалпы білім беретін – 34 мемлекеттік мектеп, 17  жеке меншік мектеп бар. 2017-2018 оқу жылы бойынша 39 023 оқушы. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 32 522, жекеменшік мектептерде 6 501 бала білім алуда.

Бостандық ауданы мектептерінің жобалық қуаты 26 095 орындық құрайды. Оқушылардың орын тапшылығы тұтастай алғанда:

Жыл сайын өтетін аудандық пәндік олимпиадада 1929 оқушы қатысып, 580 жеңімпаз атанды. (1 орын -69, 2 орын -212, 3 орын-390). 100% сапа №60, 68, 92, 140, 105, 165 мектептерінің оқушылар жоғары деңгей көрсетті.

Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиадаға ауданның 19 оқушысы қатысты, оның 14жүлдегер атағын иеленді (96%) оның ішінде :

(1 орын-2 жүлдегер, 2 орын – 8 жүлдегер, 3 орын – 4 жүлдегер). Жеңімпаздар №165, 105, 68 мектеп оқушылары.

Білім беру мекемелерінде балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне ерекше көңіл аударады. Барлық мектептерде 1-11 сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Ұлттық Бірыңғай тестілеу 2018 жылдың  20.06, 22.06, 24.06 күндері аралығында 3 кезең бойынша О.Жандосов атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғимаратында өтті.

2018 жылғы ҰБТ-ға  аудан бойынша  жалпы  — 1272 (2017 жылы -1054) оқушы қатысты, ол 76,5% құрайды (2016 жылы-75,99%). Оның ішінде қазақ тілінде, 476 (40%), орыс тілінде, 796 (60%).

Аудан бойынша орташа балл-103,49 (2017 жылы-98,21). 2017 жылмен салыстырғанда орташа балл 5,24 % өсу динамикасы құрады.

ҰБТ нәтижесі бойынша қала бойынша 3 орындамыз.

2018 жылғы ҰБТ бойынша орташа ұпай саны 100-ден асырған  16 мектеп болды:

2018 жылы ҰБТ-ң орташа ұпайы ауданын мектептері бойынша 100-ден жоғары балл 16 мектеп алды. №140 гимназия-125,38 ұпай, №92 мамандандырылған лицейі – 121,72 ұпай, №81 мектеп-гимназия – 120,50 ұпай, №165 мамандандырылған лицей – 119,57 ұпай, №40 жалпы білім беретін мектеп– 114,35 ұпай, №145 жалпы білім беретін мектеп– 112,69 ұпай, №146 мектеп-лицейі – 112,63 ұпай, №105 гимназия – 110,87 ұпай, №138 гимназия – 110,38 балл, №22 гимназия-мектебі – 107,24 ұпай, №125 жалпы білім беретін мектеп– 105,25 ұпай, №191 жалпы білім беретін мектеп– 104,71 ұпай, №10 жалпы білім беретін мектеп – 104,71 ұпай, №68 мектеп-гимназия – 101,62 ұпай, №93 жалпы білім беретін мектеп– 100,61 ұпай 735 (524 – 2017 жылы) оқушы, яғни, жалпы оқушы санынан 70% (2017 жылы- 50%) оқушы 100 балдан жоғары алды.

2018-2019 оқу жылында жеке меншік екі мектеп ашылды. Бала бақша -мектеп Global Education, NGS жаңа ұрпақ мектебі.

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар.

Бостандық ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдар желісі 2018 жылда 29 мемлекеттік (7057), 95 жеке меншік  балабақшалары және шағын орталықтары (3364), жалпы 10621 бала санымен құрады, 2017 жылға қарағанда 29 мемлекеттік (6819), 86 жеке меншік  балабақшалары және шағын орталықтары (3870), жалпы 10587 бала санымен құрап деңгйдің сәл жоғарлағаны бақыланады.

Соның ішінде, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 26 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдары ашылған

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі шеңберінде «Балапан» республикалық бағдарламасымен  2017 жылға қарағанға (1014),2018 жылы 1192 баланы өсті, 20 жеке меншік балабақшалары жұмыс істейді.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап 26 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдары (2 балабақша және 24 шағын орталықтар ашылған) 431 орынға, 2017 жылы 25 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдары ( 9 бақша және 16 шағын орталық) 660 орынға ашылған болатын.

 

Коммуналды шаруашылық

Бостандық ауданының тұрғын үй қоры  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және 15 меңгеруші компаниялардың құрамына кіретін 1 770 үйден (алаңы 5 905 060 м2 болатын 91 518 пәтер) тұрады.

Көппәтерлі үйлердің тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында  заң талаптарына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалар негізінде аудандағы 130 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын өткізілді (2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары 30 аулада өткізілген болатын).

 

Көріктендіру және санитарлық жағдай

Елді мекендерді жарықтандыру:

Ауданда көшелердегі және тысқы жарық көздерін күту, жөндеу және қалпына келтірумен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысады. 2018 жылы жалпы құны 695 124 000 тг. болатын 392,4 км  тысқы жарық желілерінде орналасқан 11 551 жарық көздерін күту жұмыстары  атқарылды.

       Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету:

«Алматы тазалық» МКК мердігер мекемесі   жалпы ұзындығы 259,9 км. 6 көлік жол айрықтарын, 238 көшені және өткел көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды (жұмыстардың жалпы құны 1 647 132 000 тг). Механикаландырылған және  қол жұмыстары негізінде  жалпы ұзындығы 172,9 км. болатын жаяу жүргінші жолдары, 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдері тазаланып отырды.

Жалпы саны 33 қалалық және аудандық (аумақтық) сенбіліктер  кезінде 19 600 м3 қоқыс, бүтақтар мен жапырақ шығарылды. Меншік түрі қарастырылмай барлық мекемелер сенбілікке өз ауласын және өзінің іргелес жатқан аумағын тазалауға шығуы ұйымдастырылды.

Және де ағымды жылы 1 895 бас қаңғыбас жануарлар ұсталды, оның ішінде 1 875 ит және 20 мысық. Оның 1 616 басы жойылды.

        Көріктендіру және көгалдандыру:

Ауданда жалпы алаңы 274,4 га. болатын бақтар мен саябақтардың, көшелердегі бөлу жолақтарының аумақтарын, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын   тазалау, ағымды күту шаралары атқарылуда  (жұмыстың жалпы құны 1 174 703 000 теңге). «Stamp Service» ЖШС күшімен ұзындығы 162,8 км. арық жүйелері тазаланды.

Құрылыс басқармасы тарапынан Абай даңғылына Есентай өзені мен Назарбаев даңғылы аралығына және Назарбаев даңғылы Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылы аралығына Ян Гейл концепсиясы негізінде көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Көріктендіру кезінде 475 ағаш, 113 бұта, 31 композиция, 32 213 шаршы метр газон отырғызылды.

Алматы қаласы Автомобильді жолдар және жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан  ауданда келесі жұмыстар жасалды:

-жалпы ұзындығы 34,7 км. болатын 40 көшенің асфальт қыртысын орташа жөндеуден өткізілді және жалпы алаңы 11 644 шаршы метр ұзындығы 4 665 метр жаяу жүргінші жолдарын жаңадан салды,  ағымды жөндеу жұмыстар көлемі 30 000 шаршы метрді құрады;

-Мұстафин көшесіне, Жандосов көшесіне, Темирязев көшесіне BRT жобасы бойынша жөндеу жұмыстары атқарылуда. Көріктендіру барысында 418 ағаш, 3 614 бұта, 10 000 бұта, 45 350 шаршы метр газон егілді.

Қауіпсіздік мақсатында 4 мекен-жай бойынша, Сәтпаев көшесі мен Шагабутдинов көшесі қиылысына,  Жароков көшесі мен Байқадамов көшесі қиылысына, Гагарин даңғылы мен Ходжанов көшесі қиылысына және Гагарин даңғылы мен Дулати көшесі қиылысына бағдаршамдар орнатылды.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *