Бостандық ауданында әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асуда

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Сонымен қатар қоғамдық кеңістіктердің абаттандыру барысымен танысты.
Шаһар басшысы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін Ten Qogam жобасы туралы жазды. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа мамандыққа оқытып немесе кәсіби біліктілігін дамыту арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Аталған жобаны «Шырақ» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» жүзеге асыруда. Ал «Әуен әлемі» жобасы балалардың музыкалық қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда балалар домбыра, гитара мен шаңқобызда ойнауға тегін үйренеді екен.
Қала әкімі ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде Дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық институтында да болды. Мұнда мамандар медицина қызметкерлеріне халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырған. Сондай-ақ бұл жерде көпсалалы клиника ашылды.
«Tamos Education мектебінің, ұлттық киім мен кәдесый өнімдерін тігетін цехтың даму жоспарымен, аулалар, саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жұмыс қала тұрғындарының пікірі мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуде», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *