Бостандыққа шығу бос жүру емес

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Қамауға алынғандарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік  бағдарламалары арқылы жұмысты қалай табу керектігі түсіндірілді.

 Әркімге өмір сүру үшін күнкөріс керек. Күнкөрістің түрі көп, тек қалауыңыз біледі. Дегенмен, сотталған, түрмеден босап шыққандардың жұмысқа орналасуы қазіргі кездегі қиын мәселелердің бірі. Осыған байланысты Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Керімқұл Жекетаев Алматы қаласының ЛА 155/1 атқару­шылық жүйе мекемесінде сотталушы азаматтармен «Еңбек» Нәтижелі жұ­мыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуде сотталушы азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту сала­сында көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірілді.

К.Жекетаев  бас бостандығын алған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, көрсетілетін басқа да қызметтер туралы айтып, бағыт-бағдар берді. Бас бостан­дығынан айырылған орындардан боса­тылған және мерзімінен бұрын босатылып шыққан адамдарға халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы да түсіндірілді. Кездесу барысында Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы жадынамалар, кітапшалар таратылды. Сотталушыларға еркіндікке шыққан кезде қажет болған жағдайда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға қолдау мен көмек сұрап келулеріне  болатын­дығы туралы ұсыныс жасалып, Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы жазылған буклеттер берілді.

– Бостандыққа шығу бос жүру емес, еңбек етем деген адамға қаламызда жұмыс бар, – дейді Кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Керімқұл Жекетаев.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close