БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көп­жыл­дық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу ор­ны. Рухани тағылымы мол, білім өресі биік жастарды дайын­дайтын еліміздегі іргелі оқу ордасы.

Елбасы  2019 жылды  «Жас­тар жылы» деп жариялады.  Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айнал­уы тиістігін, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платфор­масын қалыптастыру керектігін айтты.

Расында да, жастар – кез- келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жас­тар екенін әсте естен шы­ғармағанымыз абзал. Қазақ­станның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Мемлекетіміздің жастар сая­саты рухани-мәдени құн­дылық­тарға, еңбексүйгіштікке, жауап­кершілікке, ұрпақтар са­бақтас­тығына, отбасылық тәр­биенің басымдығына негіздел­уімен де құнды.

Мәселен, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шет елде білім алуға мүмкіндік беретін «Бола­шақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 2014 жылы іске қосылған «Серпін» бағдарлама­сының мақсаты – еліміздің оң­түстігіндегі жастарды кадр тап­шы­лығын көріп отырған сол­түстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар ара­сын­дағы жұмыссыздықтың азаюы­­­на да септігін тигізеді.  Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту–2020», «Биз­нестің жол картасы–2020» бағдар­ламалары бар. Ал «Startap­Bolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қа­зақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді.

Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты даналық бар. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Елбасы тұжырым­дағандай, заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа  келдік. Сол білімді қажетімізге, тұрмысымыздың игілігіне жара­та  білу бағаланады. Оқу инемен құдық қазғандай, қиын, күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап етеді.

Бүгінде университет құра­мында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, академиктер еңбек етеді. Университетімізде кәсіби білім беру  көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда.

Айнаш  ЕСЕКЕЕВА,

әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ Заң факультетінің аға оқытушысы,  құқық  магистрі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *