Болашақ балабақшадан басталады

Рая ЕСКЕНДІР

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері де өздерінің үлесін қосып жатыр.

Бостандық ауданындағы №90 бөбекжай-балабақшада  «Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі қазақ­тың ұлттық қолөнер мәде­ниетінің рөлі» атты қалалық семинар өткен еді. Алғашқы сөз кезегін алып, семинар жұмысын бастаған балабақ­ша меңгерушісі Нұ­рымхан Қажина былай деді:

– Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі еліміздің болашағы. Сондықтан біз балабақшада өз Отанын, өз елін сүйетін, рухы биік, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуді өзіміздің мақсатымыз деп білеміз. Дәс­түрлі қазақ қолөнері күні бүгінге дейін өзінің құнды­лығын жоғалтқан жоқ. Ал оны ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғас­тыру сіз бен біздің мақсатымыз. Сон­дықтан біз ұлттық құндылық­тарымызды дәріптеу үшін осындай технологияны қолданып отырмыз, – деді.

Шын мәнінде еліміздің көсегесін көгертетін ұрпақ балабақша босағасы­нан басталады. Олардың елі мен жеріне, тілі мен діліне, мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығы да осы кезеңдерден қалыптаса бастайды. Сондықтан 35 жылдық тарихы бар №90 бөбекжай-балабақша ұжымы «Қолөнер халқымыз­дың ұлттық мұрасы» атты оқу қызметін өткізіп, ұлты­мыздың тамыры, бет-бейнесіне айналған бекзат өнерге тіл бітірді.

«Құрақ көрпе» – қазіргі таңда тамы­рында қазақы қаны бар әрбір жанның төрінен орын алған. Құрақ көрпені көрсеңіз ондағы ұлттық өнерді, ынта-ықыласты, ізденісті, шығарма­шылық қабілетті көргендей боласыз. «Құрақ көрпе» қойы­лы­мын көрген қонақтар осын­дай ой үстінде болды. Құрақтан жасалатын бұйымдар — қор­жын, құрақ кеудеше, тақия, көрпе, құрақ жастық, қиық сыр­­мақ, қолқапшы құрақ ойыншықтар көпшіліктің наза­рын аударып, қызығушы­лық туғызды. Құрақ­тың түрлеріне қарап, қолы ісмер адамдар тұрмысқа қажетті зат­тарды үйде отырып, істеп алуға болады екен-ау деген ой түйдік.

Балабақша әдіскері Г.Жай­лаубаева, музыка жетекшісі Г.Мағазова, С.Имано­ва, тәрбиешілер А.Абжанова, М.Әбілова, психолог А.Тұрсын секілді мамандардың атса­лы­суымен өткен семинар қызықты әрі мазмұнды болды. Қонақтар «Ұлттық бұйымдар» атты көрмені тамашалап, ой-пікірлерін ортаға салды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *