Болашаққа бағдар балабақшадан басталады

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жетісу ауданындағы «Дорожник» ықшамауданына орналасқан №170 бөбек­жайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық семинар өтті.

Бұл балабақшаның тарихы тереңде. Талай кезеңнен өтіп, балақайлардың игілігіне өткен еді. Содан бері шаңыра­ғынан шаттық кетпей, еліміздің болашақ азаматтарына тәлім-тәрбие, бойларына ұлттық рух, патриоттық сезім қалыптас­тырып келеді. Алғашқы сөз кезегін алған балабақша меңгерушісі Тілеулес Сабы­рова бақытты мекеннің тыныс-тіршілі­гімен таныстырды. «Рухани жаңғыру» аясында балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында сөз қозғап, алдағы уақыттың еншісіндегі жоспарларымен де ой бөлісті.

Осыдан соң «Рухым менің – мақта­нышым» деп аталатын семинар басталып та кетті. Ересектер тобының тәрбиешісі А.Тәшімованың жүргізген оқу қызметі жаңашылдығымен жұртшылықты елең еткізсе, мектепалды даярлық «Қызғалдақ» тобының «Коммуникация» білім беру саласы бойынша «Драма» оқу қызметі көп ізденгендігін көрсетті. Мұндағы «Қазақтың мақтаныштары» деп аталатын қойылым ұлтымыздың мақтанышына айналған домбыра, қымыз, шұбат, асық, бауырсақ, сандық, ою-өрнек сияқты толып жатқан інжу-маржандарымызды түгендеді. Оқу қызметінің тағы бір ерекшелігі атаулардың үш тілде айтылғаны болды.

Балақайлар домбыра, бауырсақ, т.б. ана тілінде, орыс, ағылшын тілдерінде айтып, үш тілде алған білімдерін көрсетті. Тәрбиешілер бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие, білім берумен қатар, оларға жаңа технологиялар бойынша да дәріс беруде. Мәселен, күнделікті өмірде кездесетін немесе тұрмыста қолданылатын ине, түйме, қайшы, т.б. қалай пайдаланып, қалай жұмыс істеуге болады? Бұл құралдарды пайдалануды кез-келген ата-ана балаларына үйрете ме? Сондықтан тәрбиешілер бұл істе де сергектік танытып, балақайларды өмірге де баулып отыр.

Тәрбиеші Құралай Сүйіндіктің шеберлігі, ізденімпаздығы оқу, қызме­тіндегі жаңашылдығы басқа әріптестерінің қызығушылығын тудырды. Балабақша­дағы мектепалды даярлық сыныбының бүлдіршіндері «Маржан мен көкөністер» қойылымын ұсынды. Тәрбиеші Г.Торғае­ва­ның балалармен жұмыс істеу үлгісі де көптің ойынан шықты. Осылайша бала­бақша меңгерушісі Тілеулес Сабырова, әдіскер Зоягүл Тұрлығазиева, музыка жетекшісі, барлық ұжым өткізген семинар көпшіліктің көңілінен шықты. Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Сал­танат Амангелдіқызы өткізілген семинар жұмысына жоғары баға берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *