БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайы жақсарды

Әр елге бизнесті жүргізуге  қолайлы жағдай рейтінгінде  тиісті  позиция беріледі. Аталған рейтинг 189 позициядан тұрады. Бизнесті жүргізуге   қолайлы жағдай рейтінгінде  не құрлым орны жоғары болса, сол құрлым кәсіпорынды ашу және оны жүргізуге кәсіпкерлік орта  қолайлы болмақ. Әрбір елдің бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау рейтінгі тұтас бағаны реттеу  арқылы анықталады, бұл баға әр елдің  озық межесінің алыстық көрсеткіші арқылы 10 бағыты бойынша алынады. Әрбір бағыт индикаторға бірдей  мағына  беретін  бірнеше көрсеткіштен  тұрады.
Бизнестің өмірлік циклының 10 аспектісі мынадай: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұксат алу,  жеке меншікті тіркеу, несие алу, инвесторлардың құқығын қорғау, салық салу, халықаралық сауда-саттық, келісім шарттарды орындау, төлем қабылетсіздік мәселесін шешу, электрқуатымен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу.
Дүниежүзілік банкімен құрастырылатын «Doing Business» рейтингі, елдің  бизнес-климатын жақсартуға қабылданатын  реформаның  объективті ішкі бағасы болып табылады.
Біздің елімізде бизнес жағдайына көп назар бөлінеді. Біздің мемлекет үкімет, бизнесмендер мен  елдің азаматтардың күшімен әлемнің 30 бәсекеге қабылетті  елдердің қатарына қосылу керек. Ең алдымен бұл қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған.
2014 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстанда «Doing Business» рейтингіндегі орнын жақсарту және мемлекетпен қарым-қатынасты  барынша жеңілдету, кәсіпкерлік пен айналысуға жайғдайды түбегейлі  жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікпен айналысуға түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Осы  өзгерістер инвестициялық және кәсіпкерлік климатына  оң әсерін тигізу мақсатында енгізілген.
Аталған заңмен кәсіпорынды жою рәсімдері жеңілдетілген, басым инвестициялық жоба бойынша инвестициялық келісім-шарт жасаған  инвесторларға «бір әйнек» принциптері енгізілген. Жеке кәсіпкерлік субъектілердің ашылу және тоқтату үшін кәсіпорындарды тіркеу мерзімі 1 сағатқа дейін қысқартылған және минималды жарғылық капитал болу талабы  жойылған. Аталмыш өзгерістер бизнеске әкімішілік салмақты азайту ықпал етуге және қазақстандық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізілген.

Нұршат Бекежанқызы,
Алматы қаласы Әділет департаменті
«Алатау аудандық аумақтық бөлімі»
филиалының бөлім басшысы, аға сот
орындаушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *