БИЗНЕС ОРТАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендету туралы семинар-кеңес өтті

Серік ЖҰМАБАЙ

Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі­нің Алматы қаласы бойынша департа­менті қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде «Бизнес саласында әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендету мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді. 

Семинар-кеңеске Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депар­таменті басшысының орынбасары Мұрат Абдрахманов алғы сөзбен ашып, сыбайлас жемқорлықтың кез- келген көріністеріне мүлдем төзбеу­шілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру қағидатта­рына толықтай түсініктеме бере оты­рып, қоғамда және бизнес саласында жемқорлық жағдайларды туғызатын себептерді бірлесіп анықтау және жою, әкімшілік кедергілерді азайту бойын­ша кешенді шараларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойын­ша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқар­масының басшысы Елнар Игіліков өз баяндамасында кәсіпкерлік салада әкімшілік кедергілердің деңгейін төмендете отырып, мемлекеттік қыз­мет­тер көрсетудің сапасын, олардың ашықтығы мен айқындығын бақылау, қоғамда жемқорлыққа қарсы саясат пен мәдениетті қалыптастырудың басты міндеттері мен мақсаттарына және олардың  қоғамдағы орны мен рөлін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, жиында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің өкілі Низам Зейналов  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен құқықтық мәдениетін қалыптас­тыру» атты баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, бизнес саласындағы түрлі әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқор­лық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдай­ларды азайтудың негізгі механизмдерін түсіндіріп берді.

Семинар-кеңес барысында депар­та­мент тарапынан дайындалған сыбай­­лас жемқорлықа қарсы мәде­ниетті қалыптастыруға бағытталған көлемді бейнеролик көрсетілді.

Жиынға қатысушылар nfhfgsyfy бизнес сала­сында әкімшілік кедергі­лердің деңгейін төмендету, олардың қызметтерін реттеу және жетілдіру төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақ­тарға департаменттің басқарма бас­шы­сы Елнар Игіліков толық жауап берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *