Бизнес-қауымдастық «Алматы – 2050» Даму стратегиясын талқылады

Қаланы басқару процесіне бизнесті тарту мақсатында қайта құрылған Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті. «Алматы – 2050» Даму стратегиясындағы 7 басым бағытты іске асыру шеңберінде тоғыз салалық комитет құрылды. Бизнес-қауымдастықтан басқа Іскерлік кеңестің құрамына қала әкімінің орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары енді.
Ағымдағы жылдың қараша айында әр комитет отырысы өткізілді. Алқалы басқосуларда «Алматы – 2050» Даму стратегиясы, «ақылды» және қауіпсіз қаланы, «шетсіз қаланы» дамыту перспективалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жиындарда Іскерлік кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиынға «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, AB Restaurants» ЖШС басқарушы директор, Асқар БАЙТАСОВ, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Мерекеұлы, Қазақстан және Орталық Азия бойынша «Ernst&Young» басқарушы серіктесі Сергей Досымбеков, «Lancaster Group» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Берік Қаниев, «Ракурс» ЖШС серіктесі Досым Қыдырбаев және «RG Brands» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *