Бізге сіздің және отбасыңыздың амандығы маңызды

Алматы қаласында жарияланған карантинге байланысты, бүгіннен бастап қала əкімдігі көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулаларына, балалар алаңдарына залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Дезинфекциялық жұмыстарды  жүргізу туралы тиісті хабарлама (кесте) подъездерде немесе хабарландыру тақталарына алдын-ала ілініп отырады.

Осыған орай, ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін, подъездер мен көпшілік пайдаланатын жерлерде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілгеннен кейін, аса қажет болмаса, пəтерлеріңізден бес сағат ішінде шықпауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, бұрын подъезге шығарып қоятын велосипед, балалардың арбасы сынды өзге де мүліктерді пәтерлеріңізге кіргізіп қойған жөн. Себебі, дезинфекциялық заттардың құрамында адам ағзасына қауіпті қоспалар бар.

Бізге сіздің және сіздің отбасыңыздың денсаулығы, амандығы маңызды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *