БІЗГЕ ШОТЛАНДЫҚ ЮБКА ЖАРАСА МА?

Бектас БЕКНАЗАРОВ, сенатор:

– Шетелдік тәжірибенің 100 пайыз дұрыс екеніне кім кепілдік береді? Әр мемлекеттің өз ерекшелігі, өз құрылымы, өз заңы, өз мента­литеті және өз талабы болады. Әр мемлекет өзгеше.

Мәселен, Шотландия азаматтары юбка киеді. Егер сол юбканы шетелдік тәжірибе деп қазаққа кигізсек дұрыс па? Дұрыс емес, әрине. Жаңаның бәрін біздің өмірімізге сәйкес келе ме, жоқ па, алдымен соны сүзгіден өткізуіміз керек.

Болмаса Жапонияны алайық. Бұл елде балалар 12 жасқа дейін жапон тілінде оқиды. Сондықтан жапон тілі өзінің маңызын жоғалтпайды. Ал біз балабақшадан бастап шет тілін оқытамыз. Сонда қазақ тілі қайда қалады? Міне, біздің шетелдік тәжірибеміз.

(«КП», 6.12.2019.)       

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close