БІЗГЕ КЕЛІП ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ АЛЫҢЫЗ!

Жадыраған жаздың сәнін бақшада үзіліп піскен жеміс-жидектер мен қарбыз-қауын­дар да кіргізеді.

Бүгін, яғни 11 тамызда таңғы сағат 08.00-ден бастап Алматы шаһарындағы «Ата­кент» алаңының алдында жазғы «ARBUZ-FEST–2018» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде Алматы және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіруші шаруалары тұтынушыларға 9 тонна қарбыз және тоннадан астам қауын ұсынады.

Жеміс-жидектердің құны базардың орташа бағасынан 15 пайызға төмен бол­мақ. Сондай-ақ, жәрмеңке аясында мо­бильді лаборатория жұмыс істемек. Тұты­нушылар сатып алған өнімдерінің сапасын сол сәтте білуі  үшін жедел түрде тест жүргізіп алуына жағдай жасалады.

Жәрмеңкенің ең белсенді тұтынушы­ларын ойындар, сыйлықтар күтіп тұр. Өзіңізді қызықтырған өзге де мәселелер болса, 8 777 189 30 57 нөміріне хабарла­суы­ңызға болады.

 

Алматы қаласының Ауыл шаруа­шылығы және ветеринария басқармасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *