Біздің қуанышымыз да, қайғымыз да ортақ

Ақпанның  4-іне қараған  түні  Астананың «Көктал-1» шағынауданында жеке үйдің ауласындағы  уақытша бас­пана өртеніп, бір отбасындағы  кәмелетке  толмаған  бес қыз бала жанып  кетті. Бұл оқиға күллі  қазақ елінің  қабырғасын қайыс­тырды.  Қаралы xабар ел ішін елең­детіп, аналардың  жүрегін  сыздатты.    Бұндай  қиын  жағдайда  жұбатар сөз де таппай,  абдырап  қалады  екенсің.  Амал не,  ажал  айтып  келмейді,  Алланың ісі­не қарсы шығар  шара да жоқ.  «Қайғы­ны  бөліссең, азаяды»  дейді  ғой. Біздің мақсатымыз – қайғы шегіп отырған отба­сына жүрек жылуымен қолдау көрсету.

Алматы қаласы Алатау ауданы  Қара­су  елді -мекенінде тұратын  ұйғыр халқы  қауымдастығы да  бұл отбасының  қайғы­ларына  ортақтасып, көңіл айтамыз. Біз ұйғыр  мен  қазақ  жұрты  төсекте  басы,  төскейде малы қосылған халықпыз. Біздің қуанышымыз да, қайғымыз да ортақ.  Айдың-күннің  аманында бейбіт  күнде бір отбасының бес бірдей  баласы­нан  айырылуы кім-кімге болсын  өте  ауыр, қайғылы жағдай  болды. Сол себеп­ті, қаржылай  көмек  көрсеттік.

 

«Қарасу»  ықшамауданының

тұрғындары.

Алатау  ауданы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *