Біздің күшіміз — бірлікте

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері:

— Еліміздің бірлігін тағы бір сыннан өткізетін кезең келіп жеткендей. Әлемді жайлаған індет бізді де айналып өтпеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы елді бірлікке шақырып, еліміздің бұдан да қиын кезеңдерді бастан кешіргенін, соның бәрін бірліктің арқасында жеңіп шыққанын алға тартты. Еліміздің бұл қиындықты жеңіп шығатын мүмкіндігі бар. Қажетті жабдықтар мен қаражат жеткілікті. Үкімет тарапынан іс- шаралар қабылданып, іске асырылуда. Осы ретте жарияланған карантин режимі де аталған вируспен күреске бағытталған нақты шара.
Енді біз осы тұста өз жағымыздан үкіметке және атқарылып жатқан шараларға қолдау көрсетуіміз керек. Оны біз әрқайсымыз өзімізден бастағанымыз жөн. Өзіміз үшін ғана емес өзгелер үшін де жауапкершілікті сезінгеніміз абзал. Ең қарапайымы, үйден шықпау қажет болса, соны ұстануымыз керек. Бетперде киіп, қолды жиі- жиі жуып жүрудің өзі бүгінде көпшілікке қиын болып тұр. Сондай қарапайым нәрселерді істеу арқылы біз өзімізді және жақындарымызды аурулан оқшаулай аламыз. Қалаларды жабу- ауруды бүкіл елге таратпай, таралғаг аймақта жоюға бағытталған бірден бір шара. Оған түсіністікпен қараған жөн.
Бірлігіміздің, ауызбіршілігіміздің сыналатын тұсы секілді бұл. Сондықтан біз бір бірімізді қолдап, атқарылып жатқан іс- шараның дұрыс жүзеге асуына өзіміздің қолымыздан келгенше үлесімізді қоса білейік! Сол кезде ғана біз бұл індетті жеңіп шығамыз! Бәріміз бірге жұмылып әрекет етейік!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *