Біздің фильмдеріміздің түпнұсқасы Ресей Федерациясы кинофильмдерінің бас архивінде сақтаулы

Майра ҚАРСАҚБАЕВА, продюсер:

– …Әкеміздің есіл еңбегі болған соң жүгіріп жүрміз, ал артында іздеушісі жоқ басқа классиктеріміздің ендігі жағдайы нешік?! Тіпті Нұрмұхан Жантөриннің бобинасын (кино таспасын) қоқысқа лақтырып жатқанды да көрдік қой. Кейбір адамдар оның кім екенін білмейді. Осы орайда мына бір мәселені айта кеткенім жөн болар. Кеңес Одағы кезінде түсірілген фильмдер түгелдей Ресей Федера­циясының «Алтын қорының» заңды мұрасы болып танылған. Қолда бар өзіміздің ескі кинолар көшірме болғандықтан, экраннан көрген кезде видеоның сапасы өте нашар болды. Ал біздің фильмдеріміздің түп­нұсқасы Ресей Федерациясы кинофильмдерінің бас архивінде сақтаулы. Бұл қор әлемдегі ірі үш кино архивтің бірі ретінде белгілі. Ондағы ылғалдық температура жақсы сақталғанымен, жылдар өте сапасы нашарлай береді. Сондықтан қайткен күнде де қазақ фильмдерін цифрлы форматқа аударып, өзіміздің қорға алуымыз керек. Бұл да мемлекеттік деңгейде шешілетін дүние. Видеосын алған күнде ескірген дыбыстар мен шуды қайта жасасақ тіпті жақсы болар еді. Ал музыканы жазған Нұрғиса Тілендиев қой. Дариға апамыздан сұрасақ, музы­каларды бізге беруге дайын. Ел арасына кең тараған «Саржайлау» әні кезінде «Менің атым Қожа» фильміне арнайы жазылған шығарма.

…Өткенде Ромфордтағы фестивальде қаланың мэрі Майкл Буртон «тамаша фестиваль өткіздіңіз, мәдениет жөнінде әңгімелесейік» деп жік-жапар болып, мені кездесуге шақырды. Ал біздегілерге кіру бірін­шіден мүмкін емес, екіншіден сенің айтқаныңның түкке қажеті жоқ. Менің қабілет-қарымымды шет елде бағалайды, ол жақта нағыз сұра­нысқа ие маманмын. Балама үнемі айтамын, ең басты инвестиция – білім мен тәжірибе. Адам намысқой, еңбекқор, табанды болса, әлемнің кез-келген елінде қаны жерге тамбайтын маман болады. Халықаралық валюта деген осы.

(«EGEMEN QAZAQSTAN», 16.08.2019).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *