БІЗДІҢ ЕЛДІҢ БИЗНЕС АХУАЛЫ

көп ретте Алматы кәсіпкерлігінің дамуымен байланысты

32 Айнабай МӘДИ

Алматыда  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алматылық кәсіпкерлер бизнестің алдында тұрған күрделі мәселелер  мен оларды оңтайлы шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ отырыста Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің аралық жұмыс нәтижесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нақты тапсырмалар берген болатын. Атап айтқанда, барлық мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің бизнес үрдісіне жіті талдау жүргізіп, Үкімет пен жергілікті билік органдарының өзара әрекеттестігінің реттемесін бекітуді тапсырды.

– Осы шешім Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейтуге бағытталған. Соның ішінде бизнес-омбудсмен институтын енгізуге қатысты осыған дейін қойылған міндеттер – Мемлекет басшысы тарапынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасына артылған зор сенімнің белгісі. Мұндай сенім біздің қызметіміздің тиімділігін арттыру жағдайын жақсарта түседі, – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Иван Кравченко басқосуға келгендерге атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытқа қойылған жоспарлармен бөлісті. Былтырғы қазанда құрылған өңірлік кеңес құрамында 20 кәсіпорын басшысы мен 10 кәсіпкерлер қауымдастығы бар. Соның ішінде, 9 республикалық қауымдастық басшысы бар. Кеңес өңірдегі кәсіпкерлік жағдайдың басты 10 мәселесін анықтады. Бұл мәселер қала әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңес талқысына беріледі. Сондай-ақ, өңірлік кеңес қолданыстағы хаттамаларға ұсыныс пен өзгертулер әзірлеп, Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке өту мәселесін талқылауға белсенді атсалысуда.

– Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылыс саласында мемлекетшілік техникалық реттеу бойынша ортақ ұстанымды әзірлеу кезінде Алматы қаласының құрылыс саласының бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, оның қорытындысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына нақты ұсыныстар ретінде жіберілді. Өңірлік  кеңес төрағасы И.Кравченко өңірлік кеңес қызметінде одан әрі басымдық танытып отырған міндеттер қатарында жақын арада құрылған Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қызметін бақылау, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезіне дайындық, сондай-ақ Өңірлік кеңес құрамындағы компаниялардың мүшелік жарнаны 100 пайыз төлеуін қамтамасыз ету міндеттерін атады, – деп хабарлады Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *