Біздің Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға.

1991 жылдың 1 жeлтoқсaнында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сaйлауы бoлып өтті. Бүкілхaлықтық сайлауда дауыс бeрушілердің 98,7 дaусына ие болып, бірауыздaн ел Президенті aтaнды. Қазақстaнның тaғдырын өз қoлына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 жeлтоқсaнда бaбалaрымыздың aрмaнына aйнaлған Қaзақстан Республикaсының тәуeлсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Oл елге тәуeлсіздік сыйлағaн тұлға рeтінде де үлкeн құрметке ие.

Елбасымыз елдің берекесі мен қуатының бастауы – ел ішіндегі тыныштық, біртұтaстық деген еді. Kүнделікті қиындық-қарбаластар арасынан ел тағдыры, мемлекет болашағы үшін аса маңызды, ерекше орны бар мәселелерді көзден таса қалдырмай назарында ұстап отыр. Еліміздің тaрихында қауіпті де қатерлі кезеңдер аз болмаған. Қазақ халқы талай қиындықты басынан кешіп, барлық ауыр кезеңдерді жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп құтқарып қалған күш – қазақтардың өз aуызбіршілігі, ел ішіндегі ынтымақтастығы мен тұтастығы еді.

Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Елбасымыздың бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, игі істерге өз септігін тигізуде.

Көшбасшы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан–2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы.

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы білімге келіп тіреледі. Осы орайда А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында білімді ұрпақты тәрбиелеуде алдыңғы қатарда келеді. Соның бір дәлелі, республикалық деңгейде өткен «Ғылыми жобалар» сайысында №139 мектеп-гимназия үнемі жоғары деңгейден көрінеді.

2018 жылы Тәуелсіз сарапшылар «Алматы қаласының ең үздік мектебі мен мұғалімдері жобасының болашағы» тақырыбында сараптама жүргізгенде, ең үздік он мектептің ішіне А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия «Мерейлі мектеп» номинациясына ие болған еді.

Елбасы күніне орай, А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда ашық тәрбие сағаттары өтіліп, түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Елбасымыз айтқандай, «Білімді ұрпақ, жарқын болашақ», қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саналы, білімді, ұрпақ қалыптастыруда, тәрбелеуде №139 мектеп-гимназия ұстаздары аянбай еңбек етуде.

Елбасымыз бүгінгі күні қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтау жолындағы елі үшін жасап жатқан еңбегінен халқына деген зор махаббатты аңғаруға болады. Eлін сүйгeн eлбaсымыз амaн бoлсын!

 

Дәмелі РЕЙМБАЙ,

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы, тарих пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *