Біздің бабалардан жеткен халықтық дүниетаным осы

Өмірбек БАЙГЕЛДІ, мемлекет және қоғам қайраткері:

– Баяғыда қырқада тұрып ауылға көз тастасаң, ауылдың әйелдері қазан көтеріп, немесе табаға нан жабатын. Сондағы түп-түзу ұшқан түтін, дөңгелене қонған киіз үйлер қандай еді?! Көңілің көнши көкке көтеріліп, ән салғың келіп кететін. Осылайша туған ортада, ауылымыздың тірлігіне, ауызбірлігіне ризалықпен, ала жіпті аттамай, кісілік қасиетті қадірлей ер жеттік. Бұл қалып мен үшін өмірлік кредоға айналды. Қоғамға пайдалы болуды, кәдесіне жарап, көп қамын ойлай білуді ауылдағы елдік тәрбиеден сүйегімізге сіңдіріп өскеніме Аллаға ризашылығым шексіз.

…Аңдап қарасаң, ниеттер кірленсе, адамдар бейбіт шешуге болатын дүниеден шатақ шығарып, соза берсе сол жерде табиғи апаттар орын алады, жер сілкінеді, тасқын су басады, сел ағады. Тегіннен тегін бе? Жоқ! Сондықтан жеке адамдарға ғана емес, тұтас халық тазалыққа, оң ниетке ұмтылуы тиіс. Сонда Иеміз мейірленеді, барын төгеді. Қазақ «Алла беріп те сынайды, қысып та сынайды» дейді. Бұл рас, егер осы екеуінде де ниет тазалығы болса пенделерін жарылқайды. Біздің бабалардан жеткен халықтық дүниетаным осы. Сондықтан ұлт ретіндегі алға ұстар шамшырағымыздың не екенін халық болып ұғына білсек-ші.

 

(«EGEMEN QAZAQSTAN», 14.05.2019.).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *