БІЗ — ЖАС БАУЫРЖАНШЫЛАРМЫЗ!

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаевтың «Ұрпақтар сабақтастығы» бастамасымен Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде 9-10-сынып оқушыларының қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты Б.Момышұлының туғанына 108 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

Рая ЕСКЕНДІР

Кеште Бауыржан батырдың келіні, жазушы, Зейнеп Ахметова, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев, жазушы, Аян Нысаналы, белгілі публицист, жазушы – Ғаббас Қабышұлы, майор Теміртас Құдайбергенов қонақта болды. Жас ұрпаққа рух берген кеште Бауыржан Момышұлының ерліктері, нақыл сөздері және балалық шағы, батырдың көзі тірісінде жазылған  соғыс жылдарындағы бейнебаян көр­сетілді. Сонымен бірге, 5-сыныптың үздік оқушы­лары «Жас Бауыржаншылар» ұйымына қабыл­данды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *