Біз — «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ» тұрғындарымыз

Жетісу ауданындағы Алмагүл Лянова басшылық ететін №98 бөбекжай-балабақшаның әрбір қызметкері спортты жанына серік етіп, салауатты өмір сүруге дағдыланған. «Нұр Отан» ХДП Жетісу аудандық филиалының қолдауымен, аудандық Білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай тағы да бір шара өткізілген еді.

Рая ЕСКЕНДІР

Аталмыш іс-шара «Біз «Спорттық Ал­ма­тыда» тұрамыз» деп аталады. Спорттық додада №98 бөбекжай-балабақша қызмет­керлері мен №104 бөбекжай-балабақша қызметкерлері кездесіп, өзара сынға түсті. Бала жанының бағбандары екі топ болып, спорттың 8 түрі бойынша жарысқан еді. №104 бөбекжай-балабақшаның қызмет­кер­­лері «Жас қыран», №98 бөбекжай-бала­бақша ұжымы «Жалын» болып, өздерінің сергек екендіктерін танытты. Спорттық дода өте тартысты өтті. Әсіресе, мойын арқылы күш сынасу спорттық ойынның өте күрделі түрі болса да қыздардың тәсілі, олардың тәжірибелі екендіктерін көрсетті.

Ұлттық асық атудан бастап, аяққа қап киіп жүгіру, шығыршық темірден өту, жұптаса доппен жүгіру сынды ойын түрлері өте тартымды әрі қызықты өтті. «Шы­нықсаң шымыр боласың», «Сергек болғың келсе, спортпен шұғылдан» деп көп айта­мыз. Сондықтан осындай іс-шараларды жиі өткізіп отыру арқылы салауатты өмір сүруге дағдылануға болатынына көз жеткіздік. Спорттық іс-шараның соңында Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова сөз кезегін алып, барлық ұжымға алғысын білдірді.

– Бүгінгі спорттық іс-шара барысында ұжымның береке-бірлігін, тыныс-тіршілігін көріп, сүйсініп отырған жәйіміз бар. Біз кішкентай балаларға спортпен айналысу – салауатты өмір салтын қалыптастырады деп жиі айтамыз. Баланы спортқа баулу үшін өзіміз де айналысуымыз керек қой. Қазір қаламыздың көптеген көшелерінде тегін фитнестер бар. Әрі-бері өткенде спорт­пен айналысып жатқан кісілерді көріп, көңілім сүйсінеді. Біз спорттық Алматыда тұрып жатырмыз. Спортпен айналысу – әрбіріміздің басты мендетіміз, – дей келе, мұндай іс-шараның барлық мектепке дейінгі мекемелерде жалғасын табатынын жеткізді.

Келесі кезекте Жетісу аудандық Білім бөлімінің бас маманы Лунара Масақбаева сөз алып, ойын өткізу, оның тәртібі мен ережесі туралы әңгімеледі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *