Біз ұмтылатын бағыт

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, философия ғылымының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының мүшесі:
– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «тарихи тұлға сабақтары» атты мақаласында Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оның дамуы мен гүлденуіндегі маңызды рөлін атап көрсетеді.
Ол Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш 1985 жылы Қытайда көрген естелігімен бөліседі. Ол кездері Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы елшілікте жұмыс істейтін кезі. Сол кездің өзінде болашақ Тұңғыш Президент өзін жағдайды бағалай білу және болашаққа жоспар құру қабілетіне ие дарынды саясаткер ретінде көрсетті.
Сол кездері мен де еліміздің тұрғындары секілді Елбасын жаңалықтардан, бүкілодақтық съездер мен жиналыстардың репортаждарынан көретінмін. Оның сөздері мен пайымдарына құлақ түре жүріп, біздің елден де болашақ саясаткер шығатыны мені қуантатын. Мемлекет басшысының жазуынша дәл осы адам республиканы таяу болашақта басқаратыны анық болды. Солай болды да. Ол кездері КСРО кезі, біз барлық қадамдарымызды орталықпен келісуге отыруға тиісті едік, алайда Қазақ КСР басшысы болған Нұрсұлтан Әбішұлы өз пікірін, қазақстандықтардың мүдделерін батыл және сенімді түрде қорғай білді.
Дәл сол кезде ол Семей ядролық полигонын жабу қажеттілігі туралы мәселе көтеріп, болашақ бейбітшілік пен интеграцияда екеніне баса назар аударды. Қазақстан халқы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тәуелсіз елдің басшысы етіп сайлаған кезде, ол республиканы дәл осы жолмен алып жүрді.
Елбасының бітімгершілік бастамалары, халқымыздың бірлігін нығайтуға, жастарды толеранттылық рухта тәрбиелеуге бағытталған саясаты бүгінде мемлекеттік құрылыс бойынша таптырмас оқулыққа айналды. Біздің ұлтаралық келісім тәжірибемізді бүкіл әлем қолдайды және бұл біздің еліміз үшін үлкен мақтаныш.
Өз мақаласында Президент мемлекеттік саясаттың сабақтастығын атап көрсетеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы дипломаттық даналығымен және үлкен саяси тәжірибесімен елімізді Елбасы салған сара жолмен алып келеді. Бұл интеграция жолы, бейбітшілік пен келісім жолы, бұл біз ілгерілеушілік пен өркендеуге ұмтылатын бағыт.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *