Біз мектепке дайынбыз

  • Мектепке жол!
  • Рая ЕСКЕНДІР
  • Жетісу ауданы аумағында тұрып жатқан 40 кішкентай қала тұрғыны қайырымды жандардың арқасында жаңа оқу жылына сақадай сай дайын болды.Осы ауданның №101, №110, №118, №129 мектептерінің әлеуметтік педагогтары ұсынған тізім бойынша бұл балалардың барлығы да әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы және нақты көмекке зәру отбасынан. Сондықтан осынау қайырымды жандардың өздеріне көрсетіп жатқан қызу қолдауларына шынайы ризашылықтарын білдірумен болды.

    – Баланы мектепке дайындау үшін әжептәуір қаржының кететіні белгілі. Сондықтан бізге көмек көрсетіп жатқан барлық қайырымды жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді қуаныштарын жасыра алмаған аналар.

    Барлық мектепке баратын балаларға қалалық Мәслихат аппаратының жетекшісі Мақсат Рахметов қашанда қайырымдылық іс-шараның бел ортасында жүретін азамат Қалдыбай Қазанбаевтың атынан мектепке қажетті құрал-жабдыққа толы сөмкелер, мектеп формасын табыс етті.

    Білім әлеміне аяқ басқалы тұрған барлық бүлдіршінге табыс тілеп, жақсы оқуларына тілектестігін білдірді.

     

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *