Біз көңілге қарап сөйлейміз

Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ,

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

 

– …Кезінде «Көркемдік кеңес» деген болушы еді. Қайта құрылыпты. Баяғыда Ақселеу мен Жәнібек ағаларымыз жүргізген әннің тарихы туралы хабар болды. Мен жуырда Абайдан бастап, тіпті оған дейінгі әншілерге дейін тоқтап, жүргізушісін де белгілеп, сол Ақаңдардан қалған хабардың жалғасы болсын деп, бір жобаны «Көркемдік кеңеске» жібергем. Он шақты күннен кейін хабар алдым. «Көркемдік кеңестен» өтпей қалыпты. Таң-тамаша болдым да қалдым. Егер «Мына жері дұрыс емес. Сөз саптауың дұрыс емес» деп жатса, онда мақұл! Ондай пікірді қабылдауға бармын. Жалпы, тақырып ұнамай тұр ғой. «Бұл бізге неге керек?» депті. «Ішің ашымай ма?» дейсің. Ашығанда қандай, удай ашиды…

…Олар бетін тіліп тұрып бірден айтып салушы еді. Кейде сол кісілердің болмағанына шүкіршілік етемін! Кейде сол ұлылардың болмағанына ішім қыж-қыж қайнайды. Себебі, бұл кісілер айтып, тіліп салатын. Біз көңілге қарап сөйлейміз. Ақсақалдарымыз айтуын айтып, жазып жатыр. Өзімізге өзіміз сын көзбен қарай алмаймыз. Ең құрығанда жатарда өзімізге ақпар бере алмаймыз. Бүгін не істедім: «аяғымды дұрыс бастым ба, әлде шалыс кеттім бе?» деген сұрақтарға іштей жауап іздемейміз.

…Тарихты бұрмалаған топырақта кино көгермейді.

 

(«Жас қазақ», 4.05.2018.).      

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *