Біз ІT мамандарын ОҚЫТЫП ШЫҒАРАМЫЗ

Әлемнің дамыған елдері қазіргі таңда  4-технологиялық төңкерісті басынан өткеріп жатыр. Сондықтан Елбасы цифрлы индустрияны, ІT саласын дамытуды және өндіріске инновациялық жаңалықты кеңінен тарту арқылы мүлде жаңа индуст­риалды экономика жасау міндетін қойды.

Елімізде интернетті пайдалану­шылар саны күн сайын өсіп келеді. Әсіресе, мобильді интернетті пай­далану­шылардың саны артуда. Сондықтан болашақта онлайн кон­тент пен сервиске сұраныс пен талаптар өсе береді. Ал электронды оқыту осының бір ажырамас бөлшегі. Қазақстанның ІT саласына бес мыңнан аса маман қажет. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

Біздің Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі ІT бағы­тында көптеген жыл бойы «Есептеу техникасы және бағ­дарламалық қамтамасыздандыру», «Ақпараттық жүйе­лер», «Автомат­тан­дырылған байланыс жүйесін пайдалану» біліктілігі мамандарын дайындаумен айналысып келеді. Біздің – мақса­тымыз дарынды жастарға көмек көрсетіп, қоғамдық-маңызды әлеу­меттік жобаларды қолдай отырып, қоғамымыздың шексіз потенциалын дамыту. Басты назар ІT саласындағы білімге және ғылымды дамытуға аударылған. ІT-жобасын іске асыру Оңтүстік-Шығыс Азияның және халықаралық ІT-жобаның жетекші стартап-алаң­дарымен тығыз байла­ныс­та жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мемле­кетімізде жоғары техно­логияның алғашқы жетістіктерінің бірі, Сәтбаев университеті, Алатау инновациялық-технологиялық паркінің базасы және тағы басқа да жоғары оқу орындары саналады. Колледж студенттерін осы орындарға саяхат сабақтар ұйымдас­тыру арқылы ғылым мен білімнің заманауи жетістіктерімен танысты­рылып, республикалық және халық­аралық ғылыми-инновациялық жоба­ларға қатыстырып жүлделі орын алып жүрген студенттеріміз де бар.

Студенттерге кәсіпкерлік дағды­ларды үйрету, оқу курстарының бағ­дарламалары мен дипломдық жоба­ларды жақсарту, дамуын ынталандыру үшін колледж бен өндіріс арасында жүйелі байланыс орнаған. Иннова­цияларды дамыту, сондай-ақ, білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастыру барысында, Қазақстан өзінің дамуында жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады, ұлттық экономиканың одан әрі өсуіне жағдай жасайды деген сенімдемін. Мемлекет басшысының келесі жыл­ды Жастар жылы деп жариялағаны осы бағыттағы жобаларды іске асы­руға ерекше серпін беретіні сөзсіз.

Біздің Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі Қазақ­станды бәсекелестік қабілеті жоғары елдер қатарына қосатын отандық Инновациялық стратегиялар сала­сының мұқтаждықтарын қанағат­тан­дыратын ІT мамандарды даяр­лайтын орта кәсіби біліммен қару­ландыратын оқу орнының бірегейі болатыны сөзсіз.

Арайлым БАСТАСОВА,

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» бөлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *