Біз біргеміз!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады.
Еліміздің барлық саласынына қандай көмек көрсетілетінін рет-ретімен баяндаған Президентіміздің әрбір сөзінен еліне деген қамқорлығы, халқына деген жанашырлығы сезіледі.
Қазіргідей сын-сағатта қауіп-қатерге бас тіккен дәрігерлердің, полиция және әскери қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, сындарлы сағатта түсіністік танытқан қазақстандықтардың төзімділігіне ризашылығын білдіре отырып, Мемлекет басшысы ешкімді көмексіз қалдырмаймыз деді. Елін сүйген мемлекет басшысының бұл сөзі халқын жігерлендіре түседі.
177 мемлекетке тараған қатерлі індеттен құтылудың барлық амалын қарастырып отырған Мемлекет басшысы рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халқының бұл сынақты жеңіп шығатынына сенім білдірді. Біз де сенеміз!
Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік талаптарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының нұсқауы бойынша Институт қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуде. Өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін ескерген өрлеуліктер біліктілікті арттыру курстарын он-лайн режимінде өткізуде. Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Раиса Садвакасова қызметкерлерімен қашықтан жиналыс өткізіп, Білім және ғылым министрінің тапсырысы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстарды қадағалауда. Әлеуметтік желілерде: инстаграммда «almaty_orleu», фейсбуктегі «Өрлеу Алматы» парақшаларында ақпараттар жаңартылып, қала мұғалімдеріне қажетті ресурстармен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Тынымсыз еңбек күндері қашықтан жалғасуда.
Біз біргеміз!
Перуза АСЫЛБЕК,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *