Біз бақытты ұрпақпыз

 

 

Қазақ халқының ардақты перзенті  Әлихан Бөкейханов – өзінің ұстанған бағытына өмірінің соңына дейін шын берілген және сол жолдан ауытқымаған, қазақ мүддесіне бүкіл өмірін сарп еткен ұлы қайраткер, халық көшбасшысы.

Әлихан Нұрмұхамедұлына екі бірдей қасиет, яғни білім мен мінез молынан берілген тұлға. Патшалық билік тұсында-ақ ол бүкіл қазақ жұрты мойындаған саяси қайраткер дәрежесіне көтерілді. Оның халық арасындағы беделін байқаған замандас ағасы Бақытжан Қаратаев Оралдан жазған хатында: «Сүйікті Әлихан!… Қазақ арасы дүйім елдің ықыласы мен сеніміне ие оқыған азаматқа тапшы. Тек сен ғана халықтың ықыласына бөленген. Тек сенің ғана ел үшін қызмет жасадым деп айтуға хақың бар», – деп жазды.

Қазіргі таңда елімізде басты мәселелердің бірі – білімді ұрпақ қалыптастыру. Сапалы білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Елбасы  Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге  нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», – деген-ді. Дарынды көшбасшы Әлихан Бөкейханов бұл мәселеге сол кездің өзінде-ақ оң үлесін қосты. Сол жылдарда қоғамдағы өзекті мәселердің бірі оқулықтар жазу болатын. Оқулық жазу ісіне қазақ зиялылары ғана емес, сырттан шақырылған ғалымдар да қатысты. Әлихан халық ағарту мәселесін баспасөз бетінде «Жаңа мектеп» журналы арқылы көтерді. Осылайша  «Жаңа мектеп» журналының алғашқы сандарында  Әлихан  Бөкейхановтың  мақаласының жариялануы зиялы қауым өкілдерінің топтасуына әсер етіп, журналдың  көпшілік басылымға айналуына өз әсерін тигізді. Ол қазақ халқын журналға жазылуға, оқуға, мәдениетке шақырады. Өз мақаларында Қазақстанда білім беру ісіндегі өзгерістер мен осы саланың дамып келе жатқанын, қазақ тілінде жазылған кітаптардан, ұлттық тілде оқытудан, мектептерінің ашылуынан, білім беру саласында жаңа бағдарламалардың енгізілуінен көрінетінін жазады. Дегенмен, Әлихан Бөкейхановтың  білім беру саласына байланысты XX ғасырдың басында көтерген мәселелері бүгінгі таңда жүзеге асты деп ойлаймын.

Біз, бүгінгі жастар, бақыттымыз. Біз Әлихан сынды тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар армандап кеткен дербес елде өмір сүріп жатырмыз. Біздің тәуелсіздігіміз үшін күрескен ұлттың ұлы тұлғасы Әлихан да, көңілдері Алаш деп сайраған айбарды ақиықтар да қазақ жүрегінен өшпек емес.

Алмас ЕРТАЕВ,

Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін мектеп.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close