Биыл елімізде жаз айларындағы мерекелер тойлана ма?

Қазақстанда алда келе жатқан мерекелер қалай тойланады? Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

«1 мамырға, 7 және 9 мамырға арналған мәдени іс-шаралар кестесі қарқынды құрылған еді. Биыл Ұлы жеңістің 75 жылдығы екенін білесіздер. Біз ол жоспарларымызды әрі қарай жалғастырамыз. Көптеген іс-шараларды онлайн режимге ауыстырамыз. Қазіргі жағдайға қарай мерекелік іс-шараларды өткізудің әр түрлі форматтарын қарастырудамыз», — деді министр.

Астана күніне арналған көптеген іс-шаралар мен есеп беру концерттері жоспарланғанын да айтып өтті.

«Астана күнін тойлауда елдегі карантиндік жағдайға, қандай шаралар қабылданатынына қараймыз. Соған қарай жоспарларымызға өзгерістер енгіземіз. Бірақ біз елорда қонақтары мен тұрғындарын оффлайн жобалар арқылы да қуанта алатынымызға сенеміз. Әрине көптеген жобалар онлайн форматқа ауысты. Сондықтан жоспарланған іс-шараларды лайықты деңгейде дайындаймыз», — деді Ақтоты Райымқұлова.

www.24.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *