Биыл елімізде 12 мыңнан аса пәтер беріледі

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1400 қала тұрғыны үйлі-жайлы болады деп жоспарланып отыр. Атап өтетіні, Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары кем дегенде үй бағасының 20 пайызын жинауы тиіс болатын. Оның үстіне, бүгінде тұрғын үйге берілетін қарыздың жылдық мөлшерлемесі небары 5 пайызды ғана құрайды.

Жалпы, қазірдің өзінде 400-ден астам тұрғын  үйлеріне кі­ріп үлгеріпті. Солардың бірі – Тайыр Наметов деген тұрғын: «Үйге қолым жетіп, қуанышым қойныма сыймай жатыр. Осы орайда, енді балаларыма да тағы бір есеп-шот ашайын деп отырмын», – дейді, мәре-сәре болып.

Негізі, жыл басынан бері еліміз бойынша 12 мыңнан аса отбасы пәтерге қол жеткізсе, оның 3132-не баспана осы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша беріл­ген екен. Бұдан бөлек, жыл аяғына дейін тағы 14220 пә­терді қолданысқа беру жоспар­ланып отыр. Осы тұрғыда «Қазақстан­ның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төр­айымының орын­басары Жанар Жұбаниязова «Біздің «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы осы Алматы әкімді­гінің қолдауы­мен 472 жанұя баспаналы болып отыр. Биыл жыл соңына дейін тағы да 1000 отбасы бас­паналы болады деген үміттеміз. Ал соның ішінде қала бойынша жыл аяғына дейін тағы да 600 салым­шымызға пәтер кілті табыс етілетін болады», – дейді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *