Биыл да «Ақшамға» жазылдым

Құрметті «Алматы ақшамы» газетінің ұжымы! Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын! Жыл­дағы әдетім бойынша, биыл да сүйікті газетіме жазылдым.

Газет маған несімен ұнайды? Алуан түрлі тақырыпта шыққан материалдарды, соның ішінде «Өмірі өнеге», «Байыптама», «Алматының айымдары», «Әріптес әлемі», «Оқи отырыңыз», «Тұлға­тану» және басқа да айдарлармен жарияланатын мақалаларды қалт жібермей оқып, ерекше әсер аламын.

Ал енді өзі мықты журналист, қаламгер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, эстет Қали Қошқарұлы Сәрсенбай басқарып отырған ұжымның осал газет шығаруы мүмкін бе? Жоқ!

Құрметті «Алматы ақшамы» газетінің журналистері, қалам­дарыңыз мұқалмасын. Жазар­ларыңыз көбейсін.

Осы орайда тұрақты оқырман ретіндегі бір өтінішімді айта кетсем деймін. Бұрын қаладағы аялда­малардың көбінде алда қандай әдеби, мәдени, рухани іс-шаралар өтетіндігін білдіріп тұратын афишалар болушы еді, қазір көрінбейді. Көп мерекені, жақсы іс-шараларды өтіп кеткеннен кейін газеттен оқып жатамыз. Мысалы, Әбдіжәмил Нұрпейісовтің құрме­тіне арналған әдемі кешті, Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылды­ғына арналған салтанатты жиынды қашан, қайда өткенін білмей қалдық. Алдағы уақытта егер мүмкін болса, жақсы іс-шаралардың болатын уақытын алдын-ала жариялап отырсаңыздар екен.

 

Мархаба ҚАЛИАСҚАРҚЫЗЫ,

«Айнабұлақ» ықшамауданының тұрғыны.

 

«Алматы ақшамына» әр айдың 10-ына дейін жазылсаңыз, келесі айдан бастап аласыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *