БИЫЛ АЛМАТЫДА ҚАЛАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БІРҚАТАР ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында қоқыстар­ды сұрыптайтын жаңа кешеннің, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналды парктің және электроав­то­бустардың соңғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарының бүгінгі қарқынын тексерді.

Мегаполис басшысы EXPO-2017 мұрасы аясындағы бұл жобалардың және «Алматыны дамытудың 50 драйвер-жобасы» қалалық бастамасының заманауи әрі маңызды екенін, өйткені олардың барлығы өндіріске соңғы инновациялық технологияларды тартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, қоршаған ортаға қаупін туғызатын экологиялық жүктемелерді төмендететінін атап өтті.

«FalconEuroBus» қазақстандық-неміс компаниясы автопарктің және үшінші кезеңдегі электроавтобустар шығаратын зауыттың құрылыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде жалпы алаңы 7 мың шаршы метр болатын жинау және сырлау цехының, жабық тұрақ пен қойма-бөлмелердің құры­лыстары аяқталып қалды. Бірінші кезекте өндірістің шектелуі 20%-ға дейін болса, кейін оның үлесі арта түседі. Жобадағы жеке инвестиция көлемі 15 млрд. теңгені құрайды.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жылдық қуаты 550 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін, қоқыс сұрып­тайтын жаңа кешен құрылысын да тексерді. Қазіргі кезде бұл кешеннің шатыры жаса­луда, коммуникация жүргізілуде. Жақын арада ішіне орнатылған итальяндық жаб­дықтар іске қосылып, жөндеу жұмыстары аяқ­та­лады.

Жоба жүзеге асқанда ТҚҚ сұрыпта­лады, тасы­малданады, жұмыстың барлығы кешенді басқару жүйесі арқылы атқары­лады, ал оларды поли­гонға көму үшін  қауіп­тілігі төмен және биобұ­зылғыш заттар жіберіледі, кейін оларды да  өңдеу қолға алынады. Құрылыс нысаны жеке  инвестиция есебінен салынуда.

Газбен жұмыс істейтін 200 жолаушы автобусына қызмет көрсететін жаңа коммуналды автобус пар­кінің құрылысы да белгі­ленген кестеге сай жүруде. Негізі, нысан мен май құю станциясының металл­кон­струкцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қойма  мен  көлік жуатын орын­дардың іргетасы құйылды. Енді «Green Bus Company» тасымалдау­шыларымен жыл­жымалы құрамды алу мәселелері талқы­лануда.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *