Биыл Алматыда 120-дан астам көше жөнделеді

Биыл Алматыда 120-дан астам көше жөндеуден өтеді. Бұдан өзге, қаланың алты ықшамауданында ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Қалалық мобильді басқармасы болып өзгерді) ақпараты бойынша мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салынады және BRT желісі бойынша Жандосов көшесін рекон­струкциялау аяқталады.

Абай даңғылы мен Саин көшесін үңгілеу жал­ғасып, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көше­сінің қиылысында, сондай-ақ, Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жол­айрықтар салынады. «Әуежай» айналымы аталып кеткен Бұқтырма көшесі мен Құлжа трак­тісінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Қала әкімі жұмыстарды барынша сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды және қала тұрғындарына барынша жағдай жасауды тапсырды. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмай­тын конструкцияларды алып тастауға, көріктен­діруге ерекше назар аударылады. Әр нысанда мердігер компания директорымен, техникалық бақылау жасайтын ұйыммен байланыс нөмірі және жұмыстың аяқталу мерзімі жазылған паспорт орнатылады.

Бұған дейін Алматыда 524 көше жөнделді. Соның ішінде BRT желісі бойынша Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері қайта жаңарды. Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін теміржол эстакадасы арқылы, сонымен қатар Хмельницкий көшесі, Сүйінбай даңғылынан «Жас қанат» ықшамауданына дейін үңгілеу жұмыстары аяқталды.

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *