БИЫЛ 7 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматы – Қазақстанның ең ірі қаласы және экономикалық орталығы, инвестициялық тартымды қалалардың көшбасшысы.

Үстіміздегі жылдың қаңтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар – маусым ара­лығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7%-ға өскен.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі­нің алаңында өткен брифингте «KAZAKH ІNVEST» Ұлттық компа­ниясы» АҚ Алматы қаласы бойынша  филиалының директоры Жандос Оразалиев айтты.

Қазақстан Әлемдік банктың Doіng Busіness рейтингісі бойынша 36-орынды иеленіп тұр. Бұл ретте аталмыш рейтингті жарияларда Алма­ты қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын да айта кету керек.

Атап өтейік, «KAZAKH ІNVEST» ҰК» АҚ-ның басты міндеттерінің бірі – инвестициялық жобаларды қолдау. Осы бағытта KAZAKH ІNVEST-тің Алматы қаласындағы өкілдігінің ма­мандары шетел капиталы бар, инвес­тициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долларын құрайтын  11 ин­вес­ти­циялық жобаны қолдау жұмыстарын атқарып жатыр. Аталмыш жобалар сәтті жүзеге асса, қаламызда 3 000-нан астам жұмыс орны ашылмақ. Бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркә­сібімен және сауда саласымен байланысты.

– Биыл инвестиция көлемі 252 млн. АҚШ долларын құрайтын               7 жобаны іске қосу көзделуде. Мыса­лы, қытайлық ірі «CNPC» компа­ниясының үлкен диаметрлі дәнекер­ленген трубаларды өңдейтін «Asіa Steel Pіpe Corporatіon», ресейдің «Эстралин» компаниясының кабельдік өткізгіш­тер өңдейтін «KMK Іnvestment», неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауыттарын іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда жапон­дық «Tokyo Rope» компания­сының қаржылық көлемі 10 млн. АҚШ дол­ларын құрайтын, инженер­лік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, құны 32 млн. АҚШ долларына түскен француздық «Леруа Мерлен» құрылыс материал­дары гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық «Tokyo Rope» компаниясының екінші жобасы болса, француздық «Леруа Мерлен» де қосымша тағы екі жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар бүгінгі таңда пысықталуда, – деді «KAZAKH ІNVEST» Ұлттық компа­ниясы» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша  филиа­лының директоры Ж.Оразалиев.

Сонымен қатар, қаржылық көлемі  73 млн. АҚШ долларын құрайтын   5 жоба байынша да жұмыстар атқары­лып жатқан көрінеді. Олардың ішінде француздық «Decathlon» спорттық бренд тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу «Cotton Way» комбинаты, жаңа «Нобел АФФ» фармацевтикалық өнеркәсібі бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *