Биыл 585 аула отандық өніммен жөнделеді

 

Міне, ақыры біздің үйдің ауласы да жөнделе бас­тады. Ауланы  жөндеуге өзіміздің отандық өнімдерді пайдаланатыны да ерекше бір мақтаныш сезімін туғызып отыр. Сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдары бой көтерген көпқабатты төрт үйдің ауласы содан бері жөндеу көрмеген еді. Тек ара-тұра аулаға жүрдім-бардым жөндеу жүргізіліп тұрғаны болмаса.

Соның өзінде ауламызда ескі әткеншек пен бірер орындықтан басқа ештеңе жоқ болды. Одан қалды, бұл орындықтар жанындағы қоқыс жәшіктері орнында ескі, азып-тозған шелектер тұратын-ды.

Жалпы, биыл шаһардағы ауқымды қайта жөндеу жұмыс­тары аясында  585 аула жөнделеді екен. Сонымен бірге, қала­мызда 157 көше мен 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жөндеу көрмек көрінеді. Осыған орай, қалалық әкімдіктің Өн­дірістік кәсіпорындар іс-қимылын бақылау бөлімі қызмет­керлері «Бізге  жергілікті өндірісшілердің мердігерлермен бірлесе әрекет етуі аса маңызды. Өйткені, олардың өзара әрекеттесуі біздің кәсіпорын­дарға кепілдендірілген тапсырыс беруге, ал мердігерлерді сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта біз жақында Бостандық ауданы әкімдігінде В2В-кездесуін өткіздік. Алдағы уақытта осындай шараларды Алматы­ның барлық аудандарында өткіземіз деп жоспарлап отырмыз» деп атап өтті.

Бұл жұмысқа тартылған компаниялардың барлығы да «Кәсіпкерлікті қолдау картасының» қатысушысы болып табылады екен. Бұл дегеніңіз, олардың осындай жетілдіруді өздерінде де жүргізгенін білдіреді. Нәтижесінде осы арқылы жұмыс сапасы артып, өндіріс көлемі өседі және өнімнің бағасы төмендейді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *