Биыл 4 мың адам бірыңғай жиынтық төлемге ақша аударды

Алматыда бірыңғай жиынтық төлемге биылғы жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам өз еркімен қаражат аударған. Бұл елімізде 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңашылдық болатын.

Жақында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы Болжам бөлімінің басшысы Алтынай Аязбайқызы бізге арнайы сұхбат беріп, жаңа төлем жайында толыққанды айтып берді.

Жалпы, Бірыңғай жиынтық төлем тәртібі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді. Табыс табу мақсатында кәсібін жүргізіп отырған жалдамалы жұмыскер­лердің еңбегін пайдаланбай жеке тұлға­ларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын және жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып танылады. Мысалы, тігіншілер, бала күтушілер, құрылыс жұмысын атқарушылары, жүр­гізушілер және де тағы да басқа жеке тұлғалар осы бірыңғай жинақтық төлем төлеушілердің қатарына кіреді.

Бұл бірыңғай жиынтық төлем төлеу­шілердің мүмкіндіктері біріншіден, міндетті медициналық сақтандыру аясында медици­налық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады және медициналық ұйымды таңдау құқына ие болады. Ал жиынтық төлем төлеуші зейнет жасына жеткен кезде ол еңбек өті­ліне сәйкес есептеледі. Үшінші­ден, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне қатысады және еңбек ету қабілетінен, асыраушы­сынан айырылғанда жүктілік және босану, жаңа туылған нәрестені асырап алу, 1 жас­қа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы болады.

Жалпы, Бірыңғай жиынтық төлемдер республикалық және облыстық маңызы бар тұрғындар үшін бір айлық есептік көр­сеткіш, яғни биыл 1 АЕК 2525 теңгені құ­райды. Ал басқа елді-мекендердің тұрғын­дары үшін айлық есептік көрсет­кіштің жартысын құрайды. Бұл ағымдағы жылы 1263 теңгеге тең. Сондай-ақ, Бірың­ғай жиынтық төлемді төлеу үшін тұрғылықты жерге тіркелуге байланысты төлемдер жүргізіледі. Бірыңғай жиынтық төлемді екінші дәрежелі банктер арқылы ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төлеуге болады. Бірақ төлеген төлемнің қай айда төленгені міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *