Биыл 12 шақырым жылу жүйелері қайта жөндеуден өтеді

Әзірге қала бойынша дайындық жұмыс­­тары басталып кетті. Ал 10 мамыр­дан бастап қаланың жеті көшесіндегі көлік қозғалысы сегменттік шектеу жүйесіне ауысады. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстары кезінде орын алатын қолайсыз­дықтарды  барынша азайтып, уақытша сызбалар арқылы қала тұрғындарын жылы сумен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды.

Биыл жылу жүйелерін модерниза­циялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқа­нов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би  (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский  (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құр­манғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.

Қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевтің айтуынша,  жөндеу жүретін әр учаске бойынша нақты кесте жасалып, техника мен жұмысшылардың саны белгіленді. Әр нысанның жауапты мерді­гер­лік ұйымы туралы ақпараты мен паспорты бар. Сонымен қатар, тиісті жол белгілері  мен жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.  Бірқатар нысандағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы   шілде айының соңына жоспарланса, күрделі және ұзын учаскелердегі жұмыс  тамыз айында бітпек. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде  абаттандырылады. Сонымен қатар, қалалық Энергетика және коммуналды шаруашылық басқарма­сы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады.

Жалпы, биыл Алматыда 157 көше жөндеуден өтеді. Мегаполистегі көшелерді жаң­ғырту аясында қаланың Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдары жаңа кейіпке енеді.  Сондай-ақ, үстіміздегі жылы қала бойынша 585 аула жаңарады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *