Бишілер байқауында топ жарды

Қазақ Саңыраулар қоғамының ұйымдас­тыруымен жуырда Өскемен қаласында естуі кемшін жандар арасында өткен республи­калық VІІІ би байқауы өз мәресіне жетті. Респуб­ликамыздың 13 аймағынан келіп байқауға қатысушылар екі номинация бойынша сынға түсті. Алматы қаласы Мәдениет және мұрағат басқармасы дәстүрлі өнер театры «Алатауға» қарасты Саңыраулар мәдениет үйінің «Өрлеу» бишілері тобы бұл байқауда «Халық биі» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

– Естуі кемшін өнерпаздарды әуен ырғағын тап бастырып, би қойылымын көрер­менге сәтті жеткізе білулері үшін хореограф Дильяра Мұқашеваның сіңірген еңбегі зор. Алматылық Мәдениет үйі өнерпаздары тек би жанры ғана емес, қол қимылымен ән шыр­қаумен, сайқымазақтар тобының күлдіргі қойылымдарымен, драма үйірмесінің сахна­лаған қойылымдарымен үнемі көрермендердің көзайымына айналған. Тума талант, дарынды жастар, – дейді Мәдениет үйінің әншілер тобының жетекшісі Лаура Королева.

Естуі кемшін өнерпаздардың осынау дүбірлі додаға қатысуларына демеушілік жасаған Алматы қаласы Мәдениет және мұрағат басқармасына алғысымыз шексіз.

 

Ардақ ӘБІКЕН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close