Бірнеше қызметті бірден алуға болады

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

Бұл жөнінде Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен  брифингте  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Әсел Мамажанова мәлімдеді.

«Мемлекеттік цифрландыру бағытын­дағы азаматтарға арналған үкіметтің жаңа қызметі мен жоспарлары» атты тақырыпта өткен бұл баспасөз мәслихатына  Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталы­ғы­ның директоры Әсел Мамажанова,  Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Шыңғыс Әшірбеков, Медеу  аудандық №2 Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімі­нің басшысы Алмагүл Атағарова, Алматы қаласы мамандандырылған  Халыққа қызмет көрсету орталығының 2 секторы бас­шысының орынбасары Ермұрат Әбділ­даев қатысып, «Азаматтарға арналған үкімет­тің» қазіргі кезде қолға алып отыр­ған жаңалықтары мен өзгерістеріне тоқта­лып, журналистер тарапынан қойыл­ған сауалдарға жауап берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ХҚКО бір терезе  қағида­тымен  халыққа қызмет көр­се­тіп келсе, енді, міне, жаңа техноло­гиялардың және елімізде жүзеге асыры­лып жатқан цифр­ландыру  жұмыстары­ның нәтиже­сінде көптеген игіліктерге қол жеткізіп, халыққа  мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көше баста­ды. Қызмет көрсе­тудің жаңа әдісінің бірі – композиттік қызмет көрсету. Қазірдің өзінде  тұрғын­дар осы композиттік қыз­метті пайдалана отырып, бірнеше қызметті бірден алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Бұл адамдардың уақытын үнемдеумен қатар, қаржысын үнемдеуге де мүмкіндік береді, – дейді Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Әсел Мамажанова.

Әсел Ерболқызының айтуынша, енді тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ бірнеше қыз­метті бірден алу мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұрын «бір терезе» десек, енді «бір өтініш» қағидатына қадам бастық. Бірне­ше қызметті бірден алу, яғни композиттік қызмет түрі азаматтар үшін уақыт үнемдеу жағынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да тиімді. Мысалы, жер учаскесіне қатысты төрт түрлі қызмет «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру» деген атаумен бір мемлекеттік электрон­дық қызметке тоғыстырылды. Тағы бір мысал, мүгедектікті белгілеген жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешімі бірден Электрондық үкіметтің порталына қойылады да, осы мәліметке сәйкес, мемлекеттік корпорация жәрдем­ақыны тағайындап, ал жергілікті атқару­шы орган қажетті көмектерді (мүгедек­терге арналған арба, тифлоқұрал, т.б.) көрсете береді. Осылайша қызмет алушы екі бірдей мекеменің табалдырығын тоз­дыр­­май-ақ,  67 құжаттың орнына 7 құ­жат­­­ты ғана жинау арқылы өзіне тиісті көмекті ала алады, – дейді Алматы қала­сы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Әсел Ерболқызы.

Мемлекеттік корпорацияның маңызды стратегиялық бағыттарының бірі – азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсету болса, осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан оңтайландыру, мемле­кет­тік қызметтерді автоматтандыру жұмыс­тарына тоқталды. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-лар ашу қолға алынып, Алматы қаласындағы Алмалы аудандық ХҚКО-ны осы жаңа форматта жұмыс істеп жатқанын айтты. Мекен-жайын Сүйінбай даңғылындағы «Мерей» кешеніне ауыстырған. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы мың шаршы метрді құраса, қызмет алушыларға ыңғай­лы 1700 орындық автотұрағы бар көрінеді.

 

Енді көлікке ерекше нөмір алғанда, санмен бірге әріптерді де таңдауға болады

 

Әсел Мамажанованың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекет­тік корпорациясы Ішкі істер министрлі­гімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүм­кіндік ұсынуда. 15 қаңтардан бастап іске қосылған бұл қызметке сәйкес, қазақ­стандық автожүргізушілер мемле­кеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар маман­данды­рылған ХҚКО өтінімдерін рәсімдеп, мемле­кеттік алымды төлеулері тиіс.

— 2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында «ерекше нөмір» деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүм­кіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша сәйкестендіріп ала алады. Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмір­лік белгісі базада болмаса, онда қа­жетті мемлекеттік алымды төлеп, маман­дан­дырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады, – дейді Әсел Ерболқызы.

 

«Paper free» нәтижесінде қағаз жүзінде берілетін анықтамалар саны 24 миллионға дейін кемиді

 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған «Paper free» нәтижесінде қағаз жүзіндегі анықтамалар саны 24 миллионға дейін кеміп, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келуші­лердің қатары да азаяды.

Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін электрондық нұсқаға өткізу мәселесі мықтап қолға алынғанымен, тұрғындар көбіне Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп жатады. Көпшілігі мемлекеттік қызметтерді Электрондық үкімет арқылы өз бетінше үйде отырып та ала алатынын біле бермейді. Бұл үрдісті біз барынша насихаттап жатырмыз, – дейді баспасөз мәслихатына қатысушылар. Олардың сөзіне сенсек, енді бірер жылда қағазға өтініш жазбайтын сияқтымыз. Бұл, әрине, мемлекетімізде қолға алынып жатқан цифрландыру технологиясының жемісі болса керек.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *