Бірліктің қазақстандық моделін қалыптастырушы

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси өрлеуі Кеңес Одағының дағдарыс жылдары басталды. Алматы, Карабах және Днестрь жағалауында орын алған қарулы қақтығыстар тәжірибесі көрсеткендей, Кеңес үкіметінің құлауына этносаралық қарама-қайшылықтың ушығуы түрткі болды. Қазақстан Республикасында осы сияқты этносаралық қарама-қарсылықтардың болмауы көп жағдайда Тұңғыш Президенттің тұлғасымен байланыстырылады.

Қазақстанның жаңа тарихи кезеңінде мемлекеттіліктің қалыптасуы және оның эволюциясы мен алға жылжуы Президент институтымен және елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасымен тығыз байланысты. 1990 жылы Қазақстанда президент институты енгізілгені белгілі және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі елдің Тұңғыш Президенті етіп Н.Ә.Назарбаевты сайлады. Президент институты КСРО-ның ыдырауы кезеңінде Қазақстанға коммунистік жүйеден бас тартуға және әлемнің көптеген елдері мойындаған заманауи саяси және экономикалық жүйесі бар Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жариялауға мүмкіндік тудырды. Осының нәтижесінде Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялай отырып, қысқа уақыт ішінде АҚШ, Еуропа елдерінің, Қытай, Түркия және көптеген әлемнің жетекші елдерінің дипломатиялық мойындауына ие болды. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады. Оның басшылығымен 1980–1990 жылдары Қазақстанда биліктің мұрагерлігі қамтамасыз етілді және осы жағдай әлеуметтік-саяси жүйенің ауысуы орын алған қиын кезеңде елде өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын жеңілдетті. Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы билік тармақтарының бөлінуі мен көппартиялық негізінде қазіргі саяси жүйенің жасампаздығына жол ашты.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюы үшін елде президенттік басқару формасының бекітілуі мен іске асуы маңызды мәнді иеленеді. Жаңа саяси жүйе құқықтық негізге ие болу 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы аясында көрініс тапты. Конституцияда билік тармақтарының өзара байланысының арбитрі ретінде президенттің құзыретін бекіте отырып, Қазақстандағы мемлекеттік басқару саласында билікті бөлу ұстанымын орнықтырды. Президенттік басқару шеңберіндегі Қазақстанның дамуының алдағы тәжірибесі Нұрсұлтан Назарбаевтың елді басқару туралы қабылдаған шешімінің дұрыстығын дәлелдеді, содан кейін оған 2010 жылы Елбасы – Ұлт көшбасшысы атағын берді.

Бір жағынан көшбасшылық және өзіне сендіре алу, мүдделі күштер арасындағы туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше алу қабілеті, екінші жағынан, толық көлемде Елбасы – Ұлт көшбасшысының саяси өмірбаянының қалыптасуына алып келді.

Жас мемлекет үшін ең алғашқы қауіп-қатер 1991 жылдың соңында КСРО-ның күйреуі мен Қазақстан аумағында ядролық қарудың орналасу мәселесі болып табылды. Жаппай қырып-жою қаруының әлем және аймақ бойынша таралуы қалыптасқан әлемдік тәртіпке шынайы қауіп тудырды және жас мемлекеттің тәуелсіздігіне әскери-саяси және экономикалық тұрғыда айтарлықтай қатер екенін көрсетті. Ядролық қарудың таралу қаупі Қазақтанның осы қарулардан бас тартуы нәтижесінде жойылды.

Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері Парламенттің ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуіне негіз болды, ол өз кезегінде бірнеше жылдар қатарынан кедергісіз сайлауға түсуіне мүмкіндік алды. Бұл шаралар Қазақстанның мемлекеттілігінің жаңа кезеңде күшеюіне мүмкіндік берді, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюының іргетасы нарықтық қарым-қатынастар мен жекеменшікке негізделген жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуына алып келді. Осы кезеңде ұлттық валютаның айналымға енуі Қазақстанның қаржылық жүйесінің негізіне айналған және экономиканың дамуына серпін берген, елдің әлемдік шаруашылыққа кіруіне жол ашқан маңызды оқиға ретінде есте қалды. Бұл Қазақстанның бірінші жаңғыруы болып табылады.

1997 жылы «Қазақстан–2030»  ел дамуының стратегиялық тұжырымдамасы әзірленді. Стратегия елдің 2030 жылға дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын анықтады. Әлемнің орташа дамыған мемлекеттері қатарында елдің экономикалық өркендеуінің міндеттері қойылды, атап айтқанда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда этносаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту.

Стратегия–2030 міндеттерін шешу Қазақстанға экономикалық артта қалу аймағынан шығуына және әлемнің 50 бәсекеге қабілетті экономикалық елдер қатарына кіруге мүмкіндік береді. Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінің өте маңызды нәтижесі оның жаңа Астана қаласының негізін салуы болып табылады. 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан–2030» Стратегиясында қойылған міндеттерге мерзімінен бұрын қол жеткізгені туралы салтанатты түрде хабарлады және 2050 жылы басты міндет  әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына кіруге бағытталған жаңа «Қазақстан–2050» Стратегиясын ұсынды. Ол үшін бүгінгі таңда елдің жаһандық бәсекелестігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құрылуда.

Елбасы ұсынған ұзақ уақытқа созылған елдің 2050 жылға дейін даму стратегиялық жоспарын Н.Ә.Назарбаев Мемлекет басшысының негізгі абыройы және кредосы, оның ел алдына қойған мақсаттарын іске асыру қабілеті деп атады.

Жаңа тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін ұлттық бірегейліктің қалыптасуы ұлттық және мемлекеттік құрылыс негізі саналатын бірінші деңгейдегі маңызды іс болып табылады. Титулды және азаматтық бірегейліктер арасындағы тепе-теңдік негізінде Қазақстанның ұлттық бірегейлігінің қалыптасуы тәуелсіздік алған уақыттан бері қарай 20 жылдан артық уақыт республикада іске асырылып келеді. Қазақстанға КСРО-дан  мұрагерлікке күрделі этнодемографиялық құрылым қалды, онда қазақтар (кеңестік титулды ұлттар арасындағы дарасы) республикада басым бөлікті құрамады. Көптеген батыстық сарапшылар осы жағдайда Қазақстанның посткеңестік кеңістікте тағы да бір соғыс аймағына айналу мүмкіндігі туралы жорамал жасағаны белгілі. Дегенмен, мемлекет жүргізген этностық және азаматтық бірегейліктер арасындағы тепе-теңдіктің арқасында аталмыш жорамалдар іс жүзінде шындыққа айналмады.  Бұл саясат Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі қазақтандық моделіне айналды. Бұл модель тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, көптеген басқа да халықаралық ұйымдар қатарында мойындауға ие болды, соның ішінде ЕЫҚҰ ерекше атап өту керек.

Қазақтандық модель жетістігінің басты факторы ретінде сарапшылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулықты нығайту саясатын атайды. Этносаралық келісім мен бірліктің қазақтандық моделін іске асырудың басты тетіктерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады, өйткені ол қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелеу бойынша республиканың көптеген этномәдени бірлестіктерінің жұмысын біріктіреді және бақылайды.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары өзінің ішкі және сыртқы саясатында ірі табыстарға қол жеткізе отырып әлемдік сахнада беделді мемлекетке айналды. Осы жетістіктеріндің негізінде мемлекеттік қайраткер Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті рөлі мен мемлекеттік қызметі жатыр.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты арқасында экономикалық және саяси жаңғыру, ішкі және сыртқы саясат, елдің жуық арадағы және ұзақ мерзімді мүдделері арасындағы қажетті тепе-теңдік қалыптасты, бұл өз кезегінде Көшбасшының отыз жыл бойында елді жаңа мақсаттарға сенімді түрде жетелеуіне мүмкіндік берді.

Осы уақыт аралығында түрлі себептер бойынша, атап айтқанда қоғамдық сенімнің жоғалуы себепті ТМД елдерінің көптеген басшылары ауысты. Тек Тұңғыш Президент Н.Назарбаев барлық ішкі және сыртқы жағдайларда елді өзінің соңынан дұрыс ерте білді, осы туралы оның «Әділеттің ақ жолы» деп аталатын өзінің бірінші кітабында Қазақстанның болашағы туралы дөп басып атады. Сондықтан «Н.Ә.Назарбаев құбылысын» оның іске саясаты, қоғаммен өзара қарым-қатынасы және оның болашаққа қойған стратегиялық басымдықтары арқылы қарауға болады.

2019 жылдың наурыз айында Н.Ә.Назарбаев президенттік мәртебеден еркімен кеткені белгілі. Бірақ оның идеялары мен бастамалары кейін де сақталатын және дамып отыратыны жөнінде айтылды. Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен Елбасы саясатын сабақтастықпен жалғастыру Қазақстан азаматтарына болашаққа деген үміт пен сенімді бекіте түседі.

 

Серик НҰРМҰРАТОВ,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *