Бірінші Дүниежүзілік соғыстың қазақ халқына тигізген зардабы

3064Тәуелсіздік күніне арналған «Бірінші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция Тұран универ­ситетінің мәжіліс залында өтті. Алматы қалалық әкімшілігі, «Нұр Отан» партия­сының Алматы қалалық филиалы, Ш.Уә­ли­ханов атындағы Тарих және этнология институты, Желтоқсан ұйымы­ның мүше­лері және Қазақстан жоғары оқу орын­дарының қауымдастығы ұйымдас­тырған үлкен шараны осы қауымдас­тықтың президенті Рахман Алшанов кіріспе сөз сөйлеп ашып, жиынның мақсатына тоқталып өтті. Жиынға Алматы қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарма бас­шысы Мәркен Ахметов қатысты. Баспадан жаңадан жарық көрген «Қазақ көтері­лістері» энциклопедиясының тұсау­кесер рәсімі өтіп, «Қазақ энцикло­педиясының» бас дирек­торы, «Қазақ көтерілістері» энцикло­педиясының бас редакторы, про­фессор Бауыржан Жақып басылымда қамтылған тарихи тақырыптар туралы кеңінен тоқталды.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Көлемді еңбекте қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілістерінің тарихы  барын­ша толық қамтылған. Кітапқа 50-ден астам автордың 870-ке жуық мақаласы энцикло­педиялық тілге көшіріліп басылды. Еліміздің әр тарапында, әр жылдары орын алған барлық көтерілістердің түпкі мақсаты — Тәуелсіздік пен азаттық болатын. Еркіндік пен елдік жолындағы үш ғасырға жуық жал­ғасқан күрестің соңы 1986 жылғы  Желтоқсан көтерілісі екендігіне дау жоқ. «Бірінші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің профессоры Серік Мәшімбаев «Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Жетісу мен Торғай облыстарындағы көтеріліс», Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этноло­гия институтының жетекші ғылыми қызмет­кері Сәулебек Рүстемов «Бірінші Дүние­жүзілік соғыс: қазақтар арасындағы әлеу­меттік-саяси үдерістер», осы институт­тың жетекші ғылыми қызметкері Рашид Оралов «Қазақстандағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары», Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының маманы Бақытжан Ахметбек «Бірінші Дүниежүзілік соғыстағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік ахуалы» тақырыбында  баяндамалар жасады.   Бірінші Дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп сала­лары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемле­кеттік тапсырмаларды да орындады.   Әйткен­мен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен жағдайда кірісті. Армия әскери-техникалық 3065жағынан нашар қамтамасыз етілді. Со5ыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамы­мады. Erіс көлемі мен өнім көлемінің қысқар­уының негізгі себебі — жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбек­шілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахтала­рында, Орынбор, Транссібір темір жолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Шаруалар көтері­лістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. 1916  жылы 25 маусымда патша­ның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғын­дарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмысына алу туралы жарлығы шықты. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтері­лі­сінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Көтеріліс бүкіл Қазақ­станды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақ­саты – ұлттық және саяси,  азаттық болды. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйым­дасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшы­лары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар) және Торғайда (басшы­лары — Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин) оның ірі ошақтары пайда болды. Ақ патша орнатқан озбыр-әкімшілік билікті шектеу немесе оның дала демо­кратиясына жақын түрін өмірге енгізу үшін арпалыс Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары, Амангелді бастаған көтерілістің бәрін қамтыды. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда және Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қару­лы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жер­лерде патша жазалаушыларымен ірі қақты­ғыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әртүрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үш­қоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтері­лісшілердің қатарын жаңа күш­тер­мен толық­тыру жөнінде шаралар қол­данды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей, Б.Әшекеев басшылығы­мен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйек­те Верный қаласында Верный әскери гарни­зонының соты болып, көтеріліс басшыла­рының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыр­күйекте Верныйдың жанындағы Боралдайда орын­далды. Қазақстан мен Орталық Азия­дағы өткен ғасыр басындағы ұлт-азаттық көтері­лістер тұтас алғанда Ресей империя­сындағы саяси және әлеуметтік-экономи­калық дағда­рыстың одан әрі асқына түсуіне себеп болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршыл­дық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының империа­листік езгіге қарсы өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *