Бір шелек көмір ұрлай алмаған ғалым

 

Бүгінде Павлодар өңірінің тумасы, геолог ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімін білмейтін адам кемде-кем. Сол Қаныш Имантайұлы Жезқазғанның қазба байлықтарын игеру керек­тігін айтқанда, оған талай адам қарсы шыққан көрінеді. Мәскеуліктердің: «Мұндағы қор мардымсыз, оны игеруге су да жоқ. Адам тұруға да қолайсыз», – дегеніне қарамастан, табанды­лық танытқан оның ерен еңбе­гінің арқасында Жезқазғандағы кен орны ашылғанын бәрі біледі. Сол Қаныш атамыздың әйелі бірде «қысы өте қатты, не жағатын отыны жоқ, не пойыз қатынамайтын» Жезқазғанда тұрғысы келмей жылаған көрінеді. Сонда ол жұбайына: «Бұл аймақта тіршілік әлі-ақ мидай қайнап жатады. Сонда көресің – мен сені пойыздың жұмсақ купесіне мінгізіп қыдыртамын. Әлі-ақ осы жерді қимайтын боласың!» – дейді екен. Сөйтіп жүргенде бір күні жалғыз ұлына суық тиіп, қайтыс болады. Ол кезде Қарсақбайда тек бір үйде ғана көмір бар екен. Үсіп бара жатқан соң, әйелі Қанышты көмір ұрлауға жіберіп, өзі сыртынан бақылап тұрады. Сонда ешкімнің ала жібін аттап көрмеген ғалым далада жатқан көмірдің бір шелегін алуға да дәті бармапты. Ұзақ уақыт далада состиып тұрғанын көрген үй иесі Қаныш­қа көмірді өзі салып берген екен…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *