Бір-бірімізге құрметпен қарайық

Зәуреш Өмірбаева, Алматы кәсіподақтар орталығының төрайымы

Әлемді дүрліктірген «коронавирус» ауыруы бүгінгі таңда   ең өзекті мәселеге айналып отыр. Табиғатта сырқат тудыратын микроорганизмдер өте көп. Көзге көрінбейтін аса қауіпті бактериялар : коккалар, тикетсиялар, саңырауқұлақтар, вирустар деп   тізбектеліп кете береді. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі вирустар болып отыр. Вирустар өзге микробтарға қарағанда ең ұсағы және   ол ең көп таралуымен де өте қауіпті. Ол өте күрделілігімен, зардаптылығымен және тез жұққыштығымен ерекшеленеді. Адамзат тарихындағы жүздеген, мыңдаған емес, тіпті миллиондаған адамды өлімге ұшыратқан эпидемиялық, пандемиялық жағдайлар осы вирустардың ықпалынан болған. Егер сырқат бір елдің едәуір бөлігін қамтыса оны «эпидемия» дейді. Мұндай жағдайда кейбір елдерде төтенше жағдай жарияланады. Одан қорқуға болмайды. Бұл оқиғаның алдын-алу шаралары. Ел азаматтарының аман-саулықта болуын қамтамасыз етудегі жағдай. Біздің   инфекция тіркелген елдердің ортасында қалуымыз, сақтық шараларын қабылдамасқа   жол қалдырмады.   Үкімет барлық тиісті жағдайды қолға алып жатыр. Шаралардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз етуді қажет етеді десек, ол шара билік тарапынан жіті қолға алынуымен құнды.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған Үндеуіне сай, Алматы қаласының әкімі қала тұрғындарына өз Үндеуімен шығып қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды. Әкімнің қала тұрғындарына   бір-бірімен қарым-қатынаста қандай болуы керектігі жөнінде айтуы халықты үлкен сабырға шақырып отыр.

Әр нәрсенің өз қайырымы бар. Осынау сәтте оқшаулану қым-қуыт тіршіліктен қол босатып, отбасымызға, ет жақындарымызға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Алмағайып дүниеде дүрмекке ілеспей, өзгенің   өсегі мен тұрлаусыз сөзіне құлақ аспай,   өзіміздің ішкі әлеміміздің терең тұңғиығына үңілуге, жүрегіміздің үнін тыңдауға, отбасымыз бен ет бауыр жақындарымызға жете көңіл бөлуге   үндейді. Сақ болсаң, сақтаймын деген. Ең бастысы, әркім өзінің жеке гегиенасына, айналасының тазалығына жете мән бергені жөн дер едім. Сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгініп, арандатушылыққа бой алдырмаған абзал. Сабырлы болайық, баршаңызды сабырға шақырамын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *