Бір бағытта жиілеп, екінші бағытта тоқтады

Бірінші сәуірден бастап «Алматы–Ұзынағаш» электричкасы жиі жүретін болады

«Алтын Орда»  базары маңындағы  авто­мобиль жолда­рын қайта жасау жұмыстарының басталуына және жолдың осы бөлігінде көлік кептелісінің көп белең алуына, сонымен қатар жолаушы легінің  артуына орай «Алматы–Ұзын­ағаш» теміржол бағытындағы қозғалыс­тарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылы «Алма­ты–Қапшағай» және «Алматы–Ұзынағаш» темір­жол бағытта­рын ашқан еді. Аталған бағыттарды субси­диялау нәтижесінде  жолақысы 80 теңге болды әрі бұл шара жолаушыларды  көлік­пен заңсыз тасымалдаумен айна­лысатындардың жолын кесті. Бұлардан өзге,  бағыт  вагондарына «Оңай» терминалдары орна­тылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге  мүмкіндік береді.

Алайда, «Алматы–Қапшағай» автомобиль трассасы­ның пай­далануға берілуіне орай «Алматы–Қапшағай»  теміржол бағы­тында жолаушылар легі төмендеген.  Сондықтан Алматы  әкім­дігі істің экономикалық маңызын ескере келіп, аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *