«БIР АУЫЛДЫҢ ТҮЛЕП ҰШҚАН ЖАСТАРЫ ЕДIК…»

өлең-жырлардан, толғаулардан, естелiктерден тұратын жинақ осылай деп аталыпты.

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Кiтап  бес бөлiмнен тұрады. «Тарихтан тәбәрiк» деп аталатын алғашқы бөлiмде  Жуалы ауданының (Жамбыл облысы) Абай атындағы орта мектебiнiң тарихы, онда дәрiс берген педагогикалық ұжым­ның iзгi iстерi, мектеп түлектерiнiң кейiнгi тағдыры сөз болады.

Екiншi бөлiмде осы орта мектептiң бесiншi түлектерi жайында сөз қозғалады. Олардың мектептен кейiнгi өмiрлерi, жетiстiктерi, келешегi тұрғысында замандастары сыр шертедi. Бөлiм: «Бiр ауылдан түлеп ұшқан жастар едiк» деп аталыпты.  «Ұстазым – ұлық бәрiнен», «Өткен күнде бiр сыр бар» деп аталған үшiншi және төртiншi бөлiмдерде атауларының өзi айтып тұрғандай, мектеп мұғалiмдерi мен бiлiм ордасын әр жылдары бiтiрген оқушылар жайында жазылған естелiк-мақалалар топтастырылыпты.

Бесiншi бөлiм туған топырақты түлеткен еңбек майталмандары мен одан қанат қаққан қаламгерлерге арналыпты.

Талғат Сүйiнбай, Толымбек Әлiмбекұлы, Алпысбай Шымырбай, Талғат Өтегенов сияқты қаламы жүйрiк журналистердiң қолынан шыққан кiтап оқуға жеңiл, көңiлге қонымды.

Кiтапты Алпысбай Шымырбай мен Талғат Айтбайұлы құрастырыпты. Жарыққа шығарған – «Тоғанай Т» баспасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *