БІЛІМНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ

(Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдығына арналады)

Ғасыр мен ғасыр алмасып,

Келеді ғұмыр жалғасып.

Әл-Фарабидің мүсіні

Тұрғандай көкпен таласып.

 

Аталмыш білім ордасы,

Қайнаған қызу ортасы.

Қазақтың қарашаңырағында

Ілімнің кілең жорғасы.

 

Сексеннің сеңгіріне қадам басып,

Атақ-данқпен келеді шалқып-тасып.

Ұясынан ұшырып сан шәкіртті

Алғы шеппен келеді қапталдасып.

 

Ғұлама ғалымдар көп һәм білімді,

Оқытқан күні бойы сан ілімді.

Атағы жер жарған азаматтар

Ұштастырған білім менен ғылымды.

 

Өзіңде оқығанды мақтан тұтам,

Қуаныштан әсерлі жыр туғызам.

Жоғары дәрежелі университетте

Ғылымның қайнарында мен шомылам.

 

Мерейтой құтты болсын деп айтайын,

Қабырғаңнан білікті боп қайтайын.

«Ұлттық» деген ұлы сөзге лайық боп

Биіктерден көріне бер, әрдайым.

Қ. АРАТҰЛЫ, А. АШИМ,  Алматы қаласы. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *