Білімгерлерді өркениетке жетелейді

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңбе­рінде Қазақ ұлттық аграрлық университе­тінде жүзеге асып жатқан дәуірнамалық іс-шаралар қатары аз емес. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көш­пелі көрме жобасы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. «Ғылыми білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері»  семинары, «Қазақстан жолы: «Мәң­гілік Ел» семинар-тренингі, «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» тақырыбын­дағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Елбасы кітапханасы» рухани тәрбие-білім беру орталығының ашылу рәсімі өткізілді.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті – ауыл шаруашылығы салаларына байла­нысты жас толқынның білім алып келе жатқан іргелі жоғары білім беру ордасы. Университет білімгерлері халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, симпозиум­дарға қатысып, қазақстандық жоғары білім берудің әлемдік талаптарға сәйкес деңгейін меңгергендіктерін айқын танытып келеді. Оқытушы-профессорларымыздың алыс-жақын шет елдер университеттерінің арнайы шақыртуларымен ғылыми, оқу-әдістемелік бағдарлы іссапарларға баруы, шет елдер университеттерінде дәрістер оқуы дәстүрге айналды. Сонымен бірге, аталған бағдарламалық мақала аясындағы іс-шаралар барысында оқытушы-профессор­ларымыз республикамыздың орта мектеп­терінде, арнаулы орта оқу орындарында латын графикасындағы жаңа қазақ әліп­биін меңгеру, қолданысқа енгізу мәселеле­ріне арналған семинар-тренингтер өткізіп келеді. Университет оқытушы-профессор­лары білім беру жүйесіне арналған оқулық­тар мен оқу құралдарын жазып, сонымен бірге өзге авторлардың оқулықтарына сарапшы болып жүр.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушы-профессорлар ұжымы Елбасы­ның бағдарламалық мақаласында айтыл­ған латын графикасындағы қазақ әліпбиі­не көшу; қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жаңа гуманитарлық білім; қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық; «Туған жер» бағдарламасы;  «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы»; «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет»; «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары бойынша бағдарлы жұмыстар жүргізуде.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған 18 оқулықтың жаңа оқу жылында пайдаланылуын асыға күтіп отырмыз. 2018-2019 оқу жылынан бастап әлем тілдерінен қазақшаға аударылған жаңа оқулықтар біздің университетіміздің білімгерлерінің әлем өркениеті жетістіктері­мен мол танысуына мүмкіндік туғызатыны ақиқат. Ол оқулықтар қатарында Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Джон мен Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс философиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр» (4 томдық, ІІ том), Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Дэвид Бринкерхофтың «Әлеумет­та­ну негіздері», Джорди Ритцердің «Әлеу­меттану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психо­логияға кіріспе», Дуэйн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология», Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлордың «Экономикс», Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Рикки В.Гриффиннің «Менеджмент», Карен Армстронгтің «Иудаизм, Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдай­тану баяны», Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы», Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» еңбектері бар.

Бұл жаңа оқулықтар Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының оқу үдерісінде жастардың қазіргі заманғы озық ғылыми-шығарма­шылық жетістіктермен таныс болуына мүмкіндік туғызарына сенімдіміз.

 

Алтынарай ТЕБЕГЕНОВА,

филология ғылымының кандидаты (PhD),

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close