БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Алматы әкімдігі: Қолжетімді білім беру

2019 жылғы тамыздың 5—10 аралығында «бакалавр» дәрежесі бойынша қосымша 190 білім беру грантын тағайындауға арналған байқауға қатысу үшін құжат қабылдау басталды.

Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша грант­тарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.

Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжат­тарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орында­рының қабылдау комиссияларына өткізу қажет. Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланды.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *