Білім басқармасы есеп берді

Оқушылар сарайында қалалық білім жүйесі қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда оқу жылының қорытындысы туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың есебі тыңдалды.

Рая ЕСКЕНДІР

– Адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады. Оның бастысы ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру болса, екіншісі, ұс­таздық етіп, шәкірт баптау, сосын алған ілім мен білімді жинақтап, қоғамға қызмет ету, – деп сөзін бастаған басқарма басшы­сы қызметкерлерді жазғы демалысымен құт­тықтап, жыл бойғы еңбектерінің қоры­тындысын жариялады. Алматы – еліміздегі ең ірі мегаполис болғандықтан, мұндағы әлеуметтік салалардың да өте көп бола­тыны заңды.

Дәл қазір қала көлемінде 1247 білім мекемесі қызмет етеді. Олардың 442-сі мемлекеттік, 805-і жекеменшік мекеме. Осы білім мекемелері 350 мың оқушыны қамтып, 32 мыңнан астам білім қызметкері еңбек етеді. Соңғы жылдары Алматыда білім саласына кеңінен қолдау көрсетіліп, көп көңіл бөлініп келеді. Тек соңғы бес жылдың ішінде 38 млрд. теңге бөлінсе, биыл  98,7 млрд. теңге жұмсалып отыр деген басқарма басшысы әлеуметтік нысандарға да күрделі жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп, биыл 23,6 млрд. теңге қаржының қарастырылғанын жеткізді.

Алматыдағы өзекті мәселеге айналып отырған балабақшадағы орын тапшылығы туралы да айтып өткен Гүлнар Махайқызы жаңадан екі балабақша «Ақжар» мен «Теректі» ықшамаудандарында іске қосы­латынын, «Алғабас» пен «Жас қанатта», сонымен қатар, №18, №21 мектептер аумақтарында да балабақша құрылыс­тарының қызып жатқанына тоқталды. Осы ретте Алматыдағы тағы бір жағымды жаңалық, жеке инвесторлардың да көмек қолын созып, 120 және 150 орынды балабақша құрылыстарын қарқынды жүргізіп жатқандығы.

Шаһарымызда соңғы жылдары жаңа мектептер де жиі бой көтеріп, орын тапшы­лығының азайып келе жатқандығын айта кеткен жөн. Қаламыздың Алатау ауданын­да 600 орынды мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы «Колхозшы» ықшамауданы мен Әуезов ауданындағы «Мамыр» ықшам­ауданында да мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Биылғы оқу жылынан бастап қаламыздағы №105 және №140 мектептер жанындағы қосымша ғимараттар пайда­лануға беріледі.

Сонымен қатар, мұндай қосымша ғимараттар №123 және №172 мектептер жанынан да салынады. Білім басқармасы басшысы қаламыздың Алатау ауданында 6 мектеп, Наурызбай ауданында 1 жаңа мектеп құрылысының жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Мектептер жаңадан көптеп салынып жатыр. Дегенмен, адам бар жерде өмір бар. Қанша мектеп салынып жатқанымен, орын тапшылығы азаймай отыр. Демек, қалада демографиялық өсім жоғары. Бұл, әрине, қуанатын жағдай, – деді.

Сонымен қатар, қаламыздың мектепке дейінгі мекемелерінің де жәй-күйімен та­ныс­тырған басқарма басшысы 873 мектепке дейінгі мекеменің бар екендігін алға тартты.

– Бүгінде қаламызда 184 мемлекеттік, 330 жекеменшік және 359 жекеменшік шағын орталықтар бар. Дәл қазір 70 мың­нан астам бүлдіршінді орынмен қамтысақ та, әлі де орын жетіспеушілігі бар, — деді.

Жиын соңында Білім басқармасы бас­шысы ата-аналар мен қызметкерлер тара­пынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *